Түркияның 25 елдегі дипломатиялық өкілдері ауысты
Түркия президенті Режеп Тайп Ердоғанның тапсырмасы бойынша шет елдердегі 25 түрік дипломаты ауысты. Бұл туралы Түркияның Resmi Gazete басылымы мәлімдеп отыр.
Аталған ауыс-түйістердің арасында Ресей, Украина және Өзбекстан еліндегі түрік елшісі болған дипломаттар да бар.
Ресей Федерациясына түркияның жаңа дипломатиялық өкілі болып Мехмет Самсар тағайындалды. Бұрын аталған лауазымды Хұсейін Лапиз Дириоз басқарған болатын.
Сонымен қатар, Киевтегі түрік елшісі Йонет Жан Тезельдің орынына Шығыс Еуропа бойынша сыртқы істер департаментін басқарған Ягмур Ахмет Гюльдере тағайындалды.
Ал, Өзбекстан еліндегі түрік елшісі Ахмет Башар Шена өзінің орынын Түркия билігінің барлау және серіктестік агенттігін басқарған Мехмет Сүрея Эрге босатты.