Сұлулығы көздің жауын алатын әлемдегі ең әдемі өзендер қайда орналасқан?
Табиғат сұлулығымен адам баласын таңғалдырудан шаршамайды. bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға әлемдегі ең әдемі өзендерді ұсынады.
1. Колумбиядағы Каньо Кристалес немесе «Кемпірқосақ» өзені
Өзенде аққан су бес түрлі түске боялады: сары, көгілдір, жасыл, қара және қызыл.
2. Амазонка
Амазонка суы мол өзен болып қана қоймай, сонымен қатар оның өзендерінің алабы әлемдегі ең әдемі болып есептеледі.
3. Миссури
АҚШ-тың ең үлкен өзені елді ауызсумен қамтамасыз етіп отыр. Солтүстік Дакота штатының аумағында Миссуриге әйгілі «Жүрек» өзені құйылады. Оның неліктен олай аталатынын сөзсіз түсінген боларсыздар?
4. Футалеуфу
Аргентина мен Чили елдерін кесіп өтетін көгілдір сулы өзен. Мұнда рафтингпен айналысып, байдаркамен жарысқанды ұнататындар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады.
5. Лена
Солтүстік-Шығыс Сібірдің ең үлкен өзені. Өзен бойымен орналасқан Леналық бағандар немесе Тас орман көздің жауын алады.
6. Еділ
Ресейдің символына айналған Еділ өзені сұлулығымен көздің жауын алады.
7. Замбези
Сарқырап аққан Замбези өзенін тамашалау үшін жыл сайын екі миллионға жуық адам келеді.
8. Дунай
Дунай 10 Еуропа елін кесіп өтеді. Орталық Еуропаны сумен қамтамасыз етеді. Ғасырлар бойы қаншама өнер адамдарына шабыт сыйлаған өзен.
9. Колорадо
Аризонадағы «Таға» — дүниежүзіне белгілі көрнекі орын. Ұлттық демалыс орны Глен шатқалындағы Колорадо өзені жартастарды таға пішіндес етіп айналып өтеді.
10. Янцзы
Қытайдың ең әдемі өзені Янцзы елдің солтүстігі мен оңтүстігін бөліп тұрады.