Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

0

Басы дауға іліккендер қатары тағы төрт жерлесмізбен толықты. Олар – Ернұр Қабатаев (еркін күрес), Махамбет Рахмет (дзюдо), Нұржан Габбасов (самбо) және Олег Гридасов (пара-пауэрлифтинг).

Осы спортшыларға жеке-жеке тоқталатын болсақ, Ернұр Қабатаевтың  кадеттер арасында Азии чемпионы (2011), жастар арасындағы Қазақстан чемпионы (2013), жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2013), жастар арасындағы Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2015), ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының үш дүркін жүлдегері (2015-2017) деген дардай атақтары бар. Ол осыған дейін де допинг қолданғаны үшін бір жылға спорттан шеттетеліген еді. Ернұрдың ендігі шеттетілу мерзімі бақандай төрт жылды құрап отыр.

Самбошы Нұржан Габбасов төрт жылға және дзюдошы Махамбет Рахмет екі жылдық жазалау мерзімінен өтететін болады. Бәрінен пара-пауэрлифтинг шебері Олег Гридасовтың жазасы ауыр болды. Ол сегіз жылға үлкен спорттан алыстатылды.


 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан» 

Дереккөз: http://egemen.kz/