«Екеуіміздің де жасымыз елуден асты»: Жуырда француз жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ әйелі өз хикаясын баяндады (фото)

0

Диляра Тастемір 18 желтоқсанда француз Марк Касаграндэге тұрмысқа шықты. Олар төрт жыл бұрын онлайн қосымша арқылы танысқан, деп жазады Massaget.kz сайты.

Кейіпкердің айтуынша, ол жұбайын кездестіргелі өмірі түбегейлі өзгерген. Оның өмірге деген құлшынысы, армандары мен мақсаттары пайда болған. «Бір отырыста құрбы-құрдастарымның бірі күйеуімен қалай танысқанын айтып берген. Олар да онлайн қосымша арқылы танысқан екен. Олардың қарым-қатынасына, бір-біріне деген қамқорлығына сүйсіне қарап, бәріміз тәнті болдық. Досымыз адам танымастай өзгеріп шықты! Олардың кедергілерді аттап, қол ұстасып, қиындықтарды бірге жеңгеніне, әр атқан күннен ләззат пен сүйіспеншілік алатынына куә болдық. Шын мәнінде, жалғыздық тек Құдайға жарасады, ал ер адам мен әйел бұл дүниеге жұп болып, бір-біріне тіреу, қамқор болу үшін келген емес пе?! Ал жолдасымды кездестіргелі өткен өмірімді ой елегінен өткізіп, басқа бір таңғажайып күйге түсіп, маған кедергі болып жүрген, қатып қалған ұстанымдардан түбегейлі ажырадым.

Жаңа туған адамдай қалыпқа түстім! Бұл «метамарфозаны» балаларым да байқап қуанды», — дейді кейіпкер. Диляраның айтуынша, олар отбасын құруға асықпаған. Маркпен танысқанына бір жыл өткеннен кейін шаңырақ көтеруді шешкен. Алайда карантин шаралары ғашықтарға бас қосуға кедергі келтірген.