«7-20-25»: Жеті банк 3400 өтінімді қабылдады

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың 6 қаңтарындағы жағдай бойынша жеті бан 41 млрд теңге сомасында 3400 өтінімді қабылдаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«7-20-25» бағдарламасы жеті банк арқылы жүзеге асырылады. 6 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 41 млрд теңге сомаға 3400 өтінімді қабылдады. Ұлттық банк халықпен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жария етіледі», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ, Данияр Ақышев 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасы бүкіл мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сауда-саттықты Т+2 есеп айырысу схемасына аударғанын еске салды. «Бұл формат халықаралық стандарт болып табылады. Бұл нарыққа шетелдік капитал ағынын ұлғайту үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы 2018 жылғы 27 қарашада Ұлттық Банк Орталық Азия елдерінен бірінші болып IOSCO мүшесі атанғанын атап өтті. Ұлттық Банк IOSCO-мен консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойды.

«Бұл Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығына қатысушылар үшін көп бәсекелес басымдықтар жасайды. Қосымша екіжақты келісімге қол қою қажеттілігі болмай, шетелдік реттеушілермен өзара іс-қимыл бойынша реттеушінің барынша тиімді жұмысын қамтамасыз етеді», — деді сөзін қорытындылады Ақышев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі ЖІӨ-нің тұрақты екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, экономикалық өсім бойынша артта қалған өңірлер саны артқанын және орташа жалақы 159 мың теңгені құрағанын айтты.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ