Колонияда наразылықты басу кезінде бірнеше адам қаза болды

0
Колонияда наразылықты басу кезінде бірнеше адам қаза болды


Тәжікстанның Худжанд қаласында орналасқан қатаң режимдегі колонияда наразылықты басу барысында бірнеше адам қаза болды.

Түрмедегі тәртіпсіздік 8 қарашада түнде басталған. Бас көтеру себебі белгісіз. Колонияға милицияның арнайы жасағы кіргізілген, көтеріліс күшпен басылған. «Көтерілісшілер суық қарумен қаруланған. Төтенше жағдай себептерін анықтау үшін тергеу басталды. 

«Баскөтеруді тоқтату кезінде бірнеше адам қаза болған. Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар саны белгісіз. Менің мәліметім бойынша, бірнеше адам қашып бара жатқан уақытта қаза тапқан. Бірқатары колония аумағынан қашып шыққан», — деді дереккөз. 

Түнгі сағат 22.30-дан 23-ке дейін колония аумағында атыс дауысы шыққан. Бірақ Худжанд қаласының Түзету мекемелері басқармасы бұны жоққа шығарды, бірақ дабыл қабылғанын растады.

Куәгерлер қаланың барлық көшелерінде, сонымен бірге Өзбекстан мен Қырғызстанға апаратын тас жолдарда күзет қойылғанын айтты. Тәжікстан билігі Худжанд түрмесіндегі баскөтеру туралы хабарлаған жоқ.

Дереккөз: Сentralasian.org