Алматы облысы бойынша түрме қызметкерлері Ғазиз Байтасовты еске алды

0

Алматы облысы Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Марқұмды еске алу шарасына Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Жиналғандар монументке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік өткізді. Газиз Байтасовтың қайтыс болғанына 10 жыл болды.

Естеріңізге сала кетейік, полиция капитаны Ғазиз Байтасов 2011 жылдың 12 қарашасында жеті адамды өлтірген қылмыскерді ұстау кезінде денесімен гранатаны жапқан.

«Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі. Өзінің өмірін қиып, ол ондаған адамның өмірін ерлікпен сақтап қалды», — деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.