Нұркенже Хасенов | өмірбаяны
Нұркенже Хасенов (1943–2008)
30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Таскескен ауданының «Шолпан» ауылында туған.
Ата-анасынан жастай айрылған ол 1956 жылы Семей қаласындағы мектеп-интернатқа қабылданып, оны 1961 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң өзі туған ауылда екі жыл еңбек етіп, 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен.
1969 жылы алғашқы жыр жинағы «Сырлы толқын» деген атпен «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Содан бері бірнеше кітаптары шықты. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеген.
Шығармалары: Сырлы толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Туған топырақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Жасырынбақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Ақ таңсық. Өлеңдер. А., «Жалын», 1978; Күмбез. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Нұрлы кітап. Өлеңдер. А., «Жазушы»,1982; Мен сенің ұлыңмын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984; Ақ түнек. Өлеңдер. А., «Жалын», 1968; Жарқын жастық. Таңдамалы. А., 1991; Өрік. Кітапша. А., 1991.