Астанада бірыңғай байланыс орталығы құрылады

0
07 Желтоқсан 2018, 19:11 485 0

Астана, BAQ.KZ. «Астана – қауіпсіз қала» бағдарламасының шеңберінде елорда әкімдігі барлық шұғыл әрекет ету сұрақтары бойынша «112 Бірыңғай байланыс орталығын» құруға қатысты жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, 112 бірыңғай байланыс орталығы жедел жәрдем, полиция және өрт қызметі сұрақтарын/мәселелерін біріктіреді.

Тұжырымдаманың негізіне АҚШ-тағы 911 шұғыл қызметтің тәжірибесі алынды, онда жедел әрекет етудің нақты үлгісі қаланған. Аталған жаңа қызметтің түрін құру туралы мәселені Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елордалық жедел жәрдем станциясының базасын аралау сапарында талқылады. Жұмыс тобына Астана әкімдігінің, «Жедел жәрдем» МКК, Полиция департаменті, ТЖ бойынша департаменті және (iKomek) «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК өкілдері кірді. Комиссия өкілдері 103 қызметінің диспетчерлік бөлімінің жұмысымен танысып, шұғыл қызметтің номерлерін біріктіруде нені есепке алу қажеттігі туралы мәселені талқылады.

«112 бірыңғай байланыс орталығы жұмыстың тиімділігін жоғарылатып, шақыртуға жедел әрекет етуі тиіс, яғни 911 шұғыл қызметінің үздік тәжірибесін қолдануы тиіс», — деді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Еске сала кетейік, Астана бұған дейін АҚШ-тың 109 қалалық шұғыл емес сұрақтар бойынша бірыңғай номерін құрудағы тәжірибесін қолданған болатын. Бүгін 109 номері коммуналдық қызметтер, қоғамдық көлік, БЕО және әкімдіктегі басқармалардың барлық сұрақтарын біріктіреді. 11 айдың ішінде iKomek орталығына 870 мың өтініш келіп түссе, олардың 99 % қалалық коммуналдық қызметтермен өңделген.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ