Дәулет Мұқаев екі жарым сағатта 104 баланың тұсауын кесті (видео)
Күні кеше танымал экономист, блогер Дәулет Мұқаев бірнеше сағат ішінде жүзден астам адамның тұскауын кесті.
«Бүгін 2.5 сағат ішінде 104 баланың тұсауын кесіппін. Сол балалардың барлығы алғыр, білімді болсын. Еліміздің атын шығарар азамат болсын. Барынша қашықтық сақтауға тырыстық. Түркістан облысының ішін айтпағанның өзінде, тіпті осы тұсаукесерге арнайы Ақтау, Қарағанды, Алматыдан да келгендер болды. Басқа да қызықтарды сториске саламын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгінгі тұсаукесерде жиыны 67000 теңге жиналды. Оны @dauletten_qory-на аударамын. Нан, кәмпиттен бастап шапан, нәскиге дейін берген сыйлықтарыңызға рақмет. Гив па, конкурс ұйымдастырып жіберемін-ау. Патша көңілдеріңізге мың алғыс! Дәулеттің оқырмандарының балалары дәулетті бола берсін», — деп жазды ол.