Нұр-Сұлтанда полицейлер 12-қабаттан секірмек болған жігітті құтқарып қалды (видео)

0

Нұр-Сұлтанда жас жігіт 12-қабаттан секіріп өлмек болды. Оны құтқарған сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, жедел басқару орталығының «102» пультіне куәгерден Тілендиев көшесіндегі көпқабатты үйдің 12-қабатынан ер адамның секіруге тырысып жатқаны туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің взвод командирі Әділжан Мұсұлманбеков, патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Ержан Естай мен Әлихан Адаевтан құралған патрульдік полиция экипажы келді.

«Оқиға орнына келгенде жас жігіт кіреберістің балкон қоршауында тұрып, өмірімен қош айтыспақ болды. Жағдайды бағалаған Әділжан Мұсұлманбеков көңілі қалған жас жігітті әңгімеге тарта бастады. Сол сәтте төмен қараған жігітті полицейлер белден құшақтап ішкі тартып алды», — деп хабарлады полициядағылар.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша 26 жастағы жігіт мас болған. Бұл қадамға баруына отбасылық жанжалдың себеп екені анықталды.

Жігіт аудандық полиция бөліміне жеткізілді, онда онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.