«Олар үшін Путиннің сарайы лашықпен тең». Қажыгелдин агенттік құра бергенше, Қазақмысқа назар аударуға кеңес берді

0

Күні кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қарамағында болатын ҚР Қаржы мониторингі агенттігін құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politic.

Сондай-ақ, аталған органды Жанат Элиманов басқаратыны туралы хабар тарады.
Бұған қатысты халықтың басым бөлігі «Қазақстанда түрлі агенттік құра береді, ал нәтижесін ешкім көрмейді» деген пікір білдірді.

Бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин Қазақстанға уақыт құртпай атышулы істермен айналысуға кеңес берді.

«Нью-Йоркте 1996 жылы елдің екінші мұнай өндіретін компаниясын жекешелендіру және оны Қытайға оффшорлар арқылы сату туралы іс бойынша төрелік сот өтіп жатыр. Әңгіме миллиардтар туралы болып отыр және соңғы 15-16 жылда шамамен үш ондаған орта және шағын мұнай өндіруші кәсіпорындар оффшорлық қытай компанияларының қолына берілді. Екі апта бұрын АҚШ заң шығарушылары мемлекеттік Қазынашылықты қытайлық оффшорлық компаниялардың ақшаны жылыстату ісімен айналысуға міндеттейтін арнайы мандат шығарды», — дейді Қажыгелдин.

Кей мәліметке сәйкес, мұндай компаниялардың бірі — бірнеше күннен бері жұмысшылары көтеріліске шығып жатқан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз».

Сондай-ақ, бұрынғы премьер-министр Қазақмыс активтерінің сатылуына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қазір бұл іспен Владимир Ким, Эдуард Огай және Олег Новочук айналысып отыр.

«Президент пен ҰҚК-ге сұрақ: үш кісінің бұл активтерді қандай ақшаға сатып алып отырғанын білесіздер ме? Олар бұл капиталдар үшін салық төледі ме? Неге біз көз жұмып, бұл үшеуіне Қазақмыс есебінен актив алуға мүмкіндік беріп қойдық? Бұл біздің президент пен ҰҚК-ге қызық па? Әлде қызық емес пе?» — деп сұрады Қажыгелдин.

Еске сала кетсек, Әкежан Қажыгелдин 1994-1997 жылдар аралығында Қазақстан премьер-министрі болды.


Тегтер:владимир кимвладимир ким детивладимир ким инстаграмвладимир ким новостивладимир ким потерял всевладимир ким сегоднявладимир ким состояниевладимир ким умервладимир ким форбсвладимир киммельманогай эдуард викторович казахмысогай эдуард викторович семьяогай эдуард викторович состояниеогай эдуард викторович фотоолег новачуколег новачук биографияолег новачук женаолег новачук казахмысолег новачук семьяолег новачук состояниеэдуард огайэдуард огай женаэдуард огай казахмысэдуард огай под домашним арестомэдуард огай состояниеэдуард огай фотоҚазақмысқазақмыс вакансииқазақмыс жезқазғанқазақмыс корпорациясықазақмыс корпорациясы жшсқазақмыс корпорациясы презентацияқазақмыс корпорациясы туралықазақмыс корпорациясының қаржылық жағдайықазақмыс сайтқазақмыс сақтандыру компаниясыәкежан мағжанұлы қажыгелдинәкежан қажыгелдин