Huawei-дің жасанды интеллекті ұйғырларды бақылауға арналған болуы мүмкін

0

BBC-дің жазуынша, Қытайлық Huawei компаниясының адам әлпетін тануға арналған жасанды интеллектуалдық технологиялар бойынша патент алу жөнінде Қытайдың Ұлттық зияткерлік меншік басқармасына ұсынған өтінішінде ұйғыр сөзі кездеседі, бұл Huawei компаниясының осы технологиясы ұйғырларды тануға арналған жоқ па деген күдік тудырып отыр.

Аталған патентті алуға Huawei компаниясы мен Қытай ғылым академиясы 2018 жылдың шілде айында өтінім берген.

Құжаттағы сипаттамаға сәйкес, бұл патент көшеде жазып алынған жаяу жүргіншілердің әртүрлі бейнелерін анықтау үшін жасанды интеллект технологиясын жан-жақты қолдануға арналған.

Бұл технология негізгінен дененің әртүрлі қалыптарын (мысалы, отыру немесе тұру) танудың дәлдігіне әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, құжатта кез-келген адамның танылу нысанына айналуына мүмкіндік беретін атрибуттар, оның ішінде «этникалық (хань, ұйғыр)» сипаттамалар көрсетілген.
Huawei компаниясының баспасөз қызметкері «Құжатта бұндай сөз қамтылмауға тиіс еді» дей келіп, Этникалық тану ешқашан бұл патенттің мақсты болмағанын айтып ақталды және өтінімге өзгерістер енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ерлан Мазан, Facebook парақшасынан