Курстық жұмыс: Психология | Жеке адам жөнінде түсінік

0

Мазмұны

Кіріспе.
І тарау
1.1. Жеке адам жөнінде түсінік…………………………………………………………………1-4
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Жеке адам қасиеттерінің тұрақтылығы және оның белсенділігі………….5-6
2.2.Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндетттері және оның қоғамдық мәні………………………………………7-10
2.3. Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері…..11-13
2.4.Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы……..14-15
2.5. Жеке адамның қасиеті ретіндегі қызығулар…………………………………………16
ІІІ.Қорытынды…………………………………………………………………………………..17-19
ІV.Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………………….20

1.1.Әлеуметтік қатынастар субьекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам – жеке адам болып сипатталады.
«Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолданымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір — бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам — өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік –тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам – «homo sapiens» тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам.
Даралық – нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
«Жеке адам » түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік – себеп аймағы – жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық – физологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі-адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.
Жеке адам дамуы-өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухи мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс- тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы-рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзатттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шектеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңес тіру принципі өріс алады да, ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетімен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің дәлелі.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, янғи дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация-дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «Мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлексия» деп аталған бұл «Мен» ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Адам өмірі нақты тарихи-әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады.Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иеленудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани-этикалық, рухани эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмірі, осыдан бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет-себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады.
Тұрмыс – салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделікті күйбеңнен аса алмайды, осыдан мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай, өміршеңдігі кемиді, рухани – адамгершілік талаптары тарылады.
Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс – ауытқулар оның өзіндік «Менің» танымаудан, обьективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне алмаудан келіп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші- оның өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет – қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.
Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік – мәдени сапаларының бірлігінен қалыптасады.
2.1.Әрбір адам-ересек болсын, жаңа туған сәби болсын индивид биологиялық тіршілік иесі.Ал жануарлардан санасының болуымен айырылатын адам индивид қана емес, сонымен қатар жеке адам саналады. Өзара қарым-қатынасқа түсіп, ұжымдық еңбекке араласа отырып, адам қоғамдық, әлеуметтік жан-жеке адам деңгейіне көтеріледі. Адамның белгілі бір қоғамға, әлеуметтік топқа жатуы оның жеке басына, қызметіне тиісті із қалдырады. Дүниеде өзіндік белгілері болуы жағынан бір-біріне ұқсас екі адам болмайды.
Адам өмірдің сыртқы жағдайларының ықпалымен қалыптасады. Бірақ екі тұлға мүлде бірдей ықпалда тәрбиеленсе де, әрқайсысының өздегіне тән ерекшеліктері болады, себебі олардың тума табиғи сапалары әр түрлі. Осыдан адамның қалыптасуына әлеуметтік факторлармен қатар биологиялық негіздер де ықпал етеді. Бұл факторлар өзара байланысты, біріне – бірі әсер етіп отырады. Жеке адамның қоршаған ортадан алғандары мен индивидтік табиғатынан берілгендерінің арасында тығыз тәуелділік болады. Адам өмірінің сыртқы жағдайлары және өз қызметінің ықпалымен қалыптасуы ішкі жағдайлар, яғни оған табиғи тән және өмір барысында өрбіген қасиеттері мен сапалары арқылы іске асады.
Әрбір адам саналуан жағдайларда өзін әр түрлі ұстайтын болса да, оның жеке басының негізгі сапаларын біршама тұрақты, аз өзгереді. Сондықтан психикалық ерекшеліктерін біле отырып, адамның белгілі бір жағдайларда өзін қалай ұстайтындығын болжастыру мүмкін.
Сонымен қатар жеке адамның психикалық процестері, психикалық жай-күйі және қасиеттері өзара тығыз байланысты, біріне-бірі тәуелді болып келеді. Адамның психикалық процестерінің, жай-күйінің және қасиеттерінің өзара байланысы мен тәуелдігі оның барлық кісілік сапаларының бірлікті құрылымын жасайды.
Жеке адамдардың белсенділігінде, яғни олардың қоршаған ортаға ықпал жасау қабілетінде айырмашылық болады. Бұл белсенділіктің шығар көзі — біріншіден, адамның қанағаттандырылуы қажет мұқтаждықтары, екіншіден, көңіл аударуды керек ететін сыртқы дүние ықпалдары. Адамның мұқтаждықтары мен өзі тіршілік ететін жағдайлары үнемі өзара тәуелді келеді. Оның белсенділігі қоршаған ортаның тәрбиелік ықпалынан туындайды.
Адам қоғамда өмір сүретін болғандықтан оның белсенділігі қоғамдық сипатқа ие қызметтің әрқандай түрінде көрінеді. Адам белсенділігі жануарлар белсенділігінен сапа жағынан ерекшеленеді. Жануар да тіршілік қажеттіктерін табуға белсендікпен кіріседі. Бірақ оның белсенділігі туа біткен физиологиялық мұқтаждармен ғана байланысты және бұл мұқтаждары қоршаған табиғаттың нақты заттарына ғана бағытталады. Адамның белсенділігі тек физиологиялық мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен қатар адам қоғамының тарихи дамуының нәтижесі болатын ерекше мұқтаждықтарға да (мәдениет, білім алу, қарым-қатынас, еңбек т.б.) байланысты.
Жеке адамның дамуымен қалыптасуында отбасы және мектепте жүзеге асатын оқу, тәрбие жұмыстарының маңызы ерекше. Ата-аналардың, мұғалімдердің міндеті — балалар белсенділігін ең алдымен қоғам пайдасына саналы еңбек етуде көрінетіндей етіп тәрбиелеу.
2.2.Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол —адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.
Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі — адамның өзіндік сипат-белгілері — оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қанытас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын таныл білу иесіне (субъектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осын-дай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын ……..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!