Астанада қосымша білім беретін үздік ұйымдар анықталды

0

2018 жылғы 6 желтоқсан 05:40 0

Астанада қосымша білім беретін үздік ұйымдар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бағдарламаның негізгі мақсаты — Қазақстанның барлық аймақтарында қосымша білім беру ұйымдарына қоғам назарын аударту, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы Елбасы кітапханасы балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған «Туған өлкем» атты  республикалық бағдарламаны іске асыруды бастады.  Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы іспетті болды.    Алғашқы жылы Елбасы кітапханасының қабырғасында Семей, Павлодар, Шымкент, Екібастұз балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Астананың 20 жылдығы аталып өтілген жылы «Туған өлкем» бағдарламасының аясындағы барлық көрмелер елорданың мерейтойына арналды.

«Балалық шақтан көзқарас» жобасы мен «Туған өлкем» бағдарламасы іске асырыла бастаған алғашқы жылы табысты өткенін сезіну бір бақыт. Құрметті серіктестер, жемісті ынтымақтастығыңыз, сіздердің педагогтеріңіз бен оқушыларыңыздың еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Келесі жылы бізді жаңа кездесулер мен жаңа көрмелер күтіп тұр», — деді ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының бірінші орынбасары Амерхан Рахимжанов. 

Семей балалар өнер мектебі, Павлодардағы № 1 «ЮНЕСКО клубы» балалар көркемсурет мектебі мен Екібастұздағы «ЮНЕСКО клубы» балалар көркемсурет мектебі республикалық «Туған өлкем» бағдарламасының лауреаттары атанды.