Әміржан Қосановтың сайлауалды штабын басқарған саясаткер Нұр-Сұлтан ішкі саясат бөліміне басшы болып келді

0

Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат бөліміне қала әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов тағайындалды. Бұл туралы телеграм каналдар жазды.

Дәурен Бабамұрат 2019 жылы президент сайлауы кезінде Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының жетекшісі болған.

Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Рахманберді оқуына байланысты демалысқа 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін кетті делінген хабарламада.