Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанаған қыздың видеосын миллион адам көрген
2018 жылғы 4 желтоқсан 18:47 256
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматылық студент Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанауы алматылықтардың арасында екіұдай пікір тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған бұл бейнероликті 2 апта ішінде 1 миллион адам қараған.
Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі бойжеткеннің биі мен сырғанау мәнеріне таң қалысты. Кейбіреулер бұл видеоның Канада көлдерінде, Сібірдегі Байкал көлінде түсірілген деп топшылаған.
Ал қолданушылардың кейбірі бұл видеоны заңға қайшы деп тапты.
«Үлкен Алматы көлі қаланың ауыз суы резервуары болып табылады. Бұл қыз қалайша соны таптап, үстінде жүр. Шекара қызметкерлері, қарауылдар қайда? Біз енді осы суды ішеміз бе?», деген ашулы комментарийлер қалдырды.
Іле Алатау паркінің басшылығы бойжеткенге рұқсат бермеген.
«Негізі, Үлкен Алматы көлінде түсуге тиіс рұқсат етілмейді. Қазір біз құзырлы органдармен бұл әрекетке қандай шара қолдану керектігін сөйлесіп жатырмыз. Туристерге тыйым салынған және рұқсат етілген әрекеттерді түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз»,- деді Ұлттық парк өкілдері.
Айта кетуге керек, видео қарашаның аяғында түсірілген. Мұздың қалыңдығы ол кезде 15-20 сантиметр болған.