Ақтауда жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелес кезінде оқ атылды
Куәгерлердің айтуынша, кеше, 15 қараша күні сағат 16.00 шамасында No22 үйдің жанында бір топ жасөспірімдер арасында жанжал шыққан.
Бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Содан кейін мылтық дауысы естілді.
Жасөспірімдердің бір бөлігі қашып кетті, басқалары төбелесті жалғастырды. Кейіннен барлығы төбелес болатын жерден кетіп қалды.
Журналистер Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түсініктеме күтеді.