Туризмді дамытудың әкімшілік негіздері | туралы қазақша

0

Туризмнің мемлекеттік басқару құрылымында туризмнің мемлекеттік секторын басқаруға жататын жоспарлау органдарындағы үкіметтік өкілдердің маңыздылығына және туризм индустриясы көлеміне тәуелді айтарлықтай өзгерістер бар (12-сурет). Туризмді дамытуға үкіметтің араласу керектігіненегізгі дәлелдер мыналар болып табылады:

  • шетел валютасының түсімі мен олардың төлем балансындағы рөлі;
  • білім беру мен даярлауды ұсынудың қажеттілігі мен жұмыспен қамтуды құру;
  • дамуды ұқыпты координациялау мен маркетингті талап ететін индустрияның өсуі;
  • барша қоғамға келетін таза пайданы максималдау;
  • баға мен пайданың әділетті өсімі;
  • туристік дестинация ретінде аймақ имиджін құру;
  • сатып алушыларды қорғауды нарықтық реттеу мен әділетсіз бәсекенің алдын алу;
  • туристік өнімнің бөлігі ретінде инфрақұрылымды мемлекеттік тауарлармен қамтамасыз ету;
  • туристік ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау;
  • әлеуметтік мінез-құлық аспектілерін, мәселен, ойын-сауық отауларының жұмыстарын реттеу;
  • статистикалық зарттелу арқылы туристік белсенділік деңгейін орнату.

Туризм мемлекет экономикасының маңызды бөлігі болып табылатын және жоғарыда айтылған факторлар жиі кездесетін елдердің көпшілігінде туризм министрліктері бар.

Туризм Ұйымының (ТҰ) ұстанымы бұл министрліктің ішінде де сыртында да болуы мүмкін. Туризм Ұйымы әдетте мемлекет агенті немесе үкіметаралық орган түрінде болады. Әдетте, оның заңмен бекітілген өз жарғысы (ережесі), үкімет сырттан бекіткен директорлар кеңесі болады, бұл оны саяси жүйеден тәуелсіз етеді. Бірақ мемлекетпен байланыс үкімет саясатының атқарушы құралы болып табылатын Туризм Ұйымның өзі мен көптеген ұйымдар үшін негізгі капитал көзі мемлекеттік қаражат арқылы жүргізіледі. Шындығында, туризм дамуын арнайы саяси басқаруға тек жекелеген үкіметтер ғана қарсылық білдіре алады. Кейбір Туризм Ұйымдары жекелеген ассоциациялар болып табылады: олардың жарғылары құрылтайшылар – ұзақ мерзімді үлескерлер мен бюро мүшелерінің жиналыстарында бекітіледі, олардың қатарында үкімет те бола алады. Мұнда табыс көздері көп және басқа да бизнестердегідей бюролардың өмір сүруі олардың нарықтағы сервистік қызмет көрсетуіне байланысты.

Құлдырау кезеңдерінде мұндай ассоциациялар өз іс-әрекетін қолдау үшін жеке сектордан капитал тартудан қиындық көріп, ұзақ мерзімді жоспарларын жалғастыру үшін мемлекеттік сектордан түсетін қаражаттан таршылыққа ұшырады. Жеке сектордан табыстар тартудағы негізгі кедергі Туризм Ұйымы қабылдаған көптеген жобалардың ұзақ мерзімі мен коммерциялық емес табиғаты еді. Бұған қоса айта кететін жайт, Туризм Ұйымдары коммерциялық әрекетпен айналыса бастағаннан бастап жеке сектор тарапынан әділетсіз бәсеке жүргізді деген сынға ұшырады, себебі Туризм Ұйымы үлкен көлемде салықтан босатылған.

Туризм Ұйымы басқарудың дәстүрлі моделі 12-суретте беріліп, оның негізгі категорияларын бейнелейді. Бұл жүйеге сай, Туризм Ұйымдары туризм министрлігінен бөлектенген, себебі өзінің төрағасы мен директорлар кеңесі бар. Кейбір Туризм Ұйымдарында тек маркетингтік жауапкершілік қана бар, ал зерттеу ісі маркетингтік категорияға енгізілген. Демек Туризм Ұйымдарының әрбір құрылымы ең алдымен мемлекет қойған міндеттерге тәуелді, оларды ұйым осы мақсаттарға жету үшін орындауы қажет.

Қазақстан облыстарындағы туризмнің дамуы және туристік іс-әрекеттер мыналарды орындауға міндетті:

  • еліміздегі облыстардың мәдениетін қолдау әрі дамытуға;
  • қоршаған ортаны қорғауға.

Бұған жету үшін Кеңестің төмендегідей белгіленген мақсаттары бар:

  1. Туристердің санын, нарықтық айналыс пен турөнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, туристік мүмкіндіктері мен әсемділіктерін дамытуды қолдау;
  2. Еліміздің облыстарында жыл бойы демалыстар мен бір күндік сапарлардың баламалы дестинациясы ретінде ұсыну мақсатындағы тиімді баға саясаты мен стратегиялық маркетинг бағдарламасын жүргізу;
  3. Республика облыстарының аумағында туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында туристік ақпараттарды беруге, сапасын бақылауға және өзге де әдіс-тәсілдерді дамытуға жағдай жасау;
  4. Халықты туризмде жұмыс жасау үшін жұмыспен қамтудың тиімді көзі ретінде оқыту мен даярлауға, индустрияны нарықта ілгері бастыруға жағдай жасау;
  5. Іс-әрекет түрі облыстағы туризмнің дамуына көмек беретін барлық өзге де мекемелермен бірге жұмыс жасау;
  6. Республика облыстарындағы туризм индустриясын дамытуға кеңес беру қызметін көрсету арқылы қатысатын тұлғалар мен туроператорларға көмектесу;
  7. Туризмде қоғамдық ықпал мен жергілікті кәсіпорындардың өсуіне және туризм дамуының аймақтық экологиялық, әлеуметтік және қоғамдық дамуымен тығыз бірлесуін іздеуге көмектесу;
  8. Туризм индустриясы үшін шешімдер қабылдауға көмек беру үшін саяси сипаттағы кеңестер беру мен туризмде болып жатқан процестерді бағалауға көмектесу, зерттеулер жүргізу;

Бұл мақсаттарға жету үшін облыстардағы туризм бөлімі 4 негізгі бағытпен: 1) маркетингпен даму; 2) зерттеуші және корпоративті жоспарлау; 3) қаржыландыру; 4) басқарумен жұмыс істейді. Әлемдік іс-тәжірибеде экономикалық және әлеуметтік пайданы сипаттау үшін максимумға қарағанда тиімділік көп қолданылады. Себебі экономикалық табыстарды айтарлықтай қысқа мерзімде максималдауға барша қоғамның ұзақ мерзімді мүдделері мен үміттеріне ықпал етіп, қорғаудан ажырап кетуі мүмкін.

Үкіметтің Туризм Ұйымдарының мақсаттарын өз мүдделері тұрғысынан белгілегені аса маңызды, себебі бұл олардың арасындағы айтарлықтай шиеленістерге әкелуі мүмкін. Үкіметтік практикада туризм сапасы туралы жиі айтады және күні бүгінге шейін Туризм Ұйымдардағы еңбек белсенділігін сандық мәнде өлшейді. Келіспеушілікті көбірек тұрғызатын мысалдар төмендегідей:

  • шетелдік туристердің келуінің аймақ бойынша ұлғаюына қарсы шетел валютасы ағымдарының барынша ұлғаюы;
  • туристер санының үздіксіз ұлғаюы саясатына қарсы ақша жұмсағысы келетін туристер нарығын тарту;
  • қоршаған ортаны қорғау мен ұлттық құндылықтарды сақтауға қарсы туристер ағымын ұлғайту көмегімен жұмыс орындарын ашуды барынша ұлғайту;
  • жаппай туризмге қарсы қоғамдық туризмді дамыту.

Туризм Ұйымдарының негізгі міндеті – маркетинг, сондықтан ол ТҰ-ның іс-әрекетінің басым бөлігін, әсіресе, оған шетелдік мекемелер қосылған кезде қамтиды.

Маркетингтік бөлімдер Туризм Ұйымдарының маркетингтік стратегиясын қалыптастырады. Оның алдына жарнамалық және жариялылық ақпараттарды шығару мен бұқаралық ақпарат құралдарының және туристік сауда арқылы сатуды ілгері бастыру міндеттері қойылады. Көптеген үкіметтер ішкі туризмді өрістетумен айналыспайды, сол себепті олардың Туризм Ұйымдарында жалпы құрылымының бұл бөлігі жоқ.

Туризм Ұйымдарының жалпы құрылымында бизнес-туризмнің орны мүлдем бөлек. Бұл әдеттегі туризмге қарағанда кездесулер, көрмелер ұйымдастыру, мадақтау туризмін қалыптастыру кезіндегі кететін шығындар мен түрлі сервистік талаптарға байланысты аса маңызды рөлге ие. Туристік сервиске төмендегідей көптеген міндеттер жатады:

  • қор жүйесімен жұмыс;
  • туризмдегі шағымдарды қабылдау;
  • туристер орналасатын орындарды ұсынушы мекемелер қызметтеріндегі стандартты емес жағдайларды шешу (бұған бағаны бақылау да кіреді);
  • фестивальдердің, турлардың өзге шаралардың бағдарламаларын құру;
  • Туризм Ұйымдарымен бірге немесе бөлек ұсынылған туризмдегі, мәселен, туристік ақпараттық орталықтар, ресурстарды басқару.
  • Дамыту бөлімдері тек оларға жобаларды жеке сектормен қатар жүзеге асыру үшін капиталдар салынған кезде, сондай-ақ білім беру бағдарламасын іске асыру кездерінде ғана шұғыл түрде араласа алады.

#Туризмді #дамытудың #әкімшілік #негіздері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз