Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты

0

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Елбасы сайты жазды.

«Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.