Қуық безі мен ұрық қуықшаларының зақымданулары туралы қазақша

0

Қуық безі мен ұрық қуықшалары кіші жамбас астауының тереңінде орналасқан, қасаға және шонданай, сегізкөз сүйектерімен, бұлшық еттермен, май клетчаткасымен және ішкі органдармен жабылған; осы себепті олар әр алуан сыртқы жарақаттанулар кезінде зақымданудан едәуір дәрежеде қорғалып тұрады. Бұл органдар қуықпен, несеп шығаратын өзекпен тығыз байланысты, сондықтан олардың бүтіндігі бұзылған кезде көбіне қабаттасқан зақымданулар пайда болады.

Жарақаттанудың түріне қарай жабық зақымданулардың арасында қуық безі мен ұрық қуықшаларының соғылулары мен жыртылуларын, ал ашық зақымданулар кезінде соғылулар, жанама, тұйық және тесіп өткен жараларды бөліп саралайды.

Қуық безімен ұрық қуықшаларының жабық зақымданулары жамбас сүйектері сынған кезде (В.А.Гораш, 1940), шат аралығына соққы тигенде немесе соған тиіп құлағанда болады.

Қуық безі мен ұрық қуықшаларының зақымдануларына себептесетін жағдайлар олардың қабынып аурулары, несеп-жыныс диафрагмасы бұлшық еттерініңбосаңдығы,майлы клетчатканың жартымсыз дамуы болып табылады (Б.Н.Хольцов, 1909). Жарақаттанудың бұл түрі кезінде қуық безі мен ұрық қуықшаларының соғылулары мен жыртылулары пайда болады, бұған әдетте оларға етенежақын тұратын вена өрімінің зақымдалуы да қабаттасады. Қуық безінің жарақаттануымен бір мезгілде үрпінің жарғақ және простатикалықбөлімдері мен тік ішек зақымдануы мүмкін. Кейде зақымданған ұрыққуықшалары мен қуықбезінде қабынып асқынулардамиды.

Куық безі мен ұрық куықшалары закымдануларының клиникалық көріністері тік ішектің төменгі ұшы мен шат аралығы өңірінің ауыратынымен, кіші дәрет сындырудың қиындап, ауыратынымен, гематуриямен, гемоспермиямен сипатталады. Жамбас сүйектерінің едәуір зақымданулары мен сынуы қабаттасқан ауыр жарақаттанулар кезінде алдыңғы көрініске осы зақымданулардың симптомдары шығады да, олар қуык безі мен ұрық қуықшалары зақымдануының белгілерін қалқалағандай болып, көмескілеп жібереді.

Тік ішек арқылы саусақпен тексерген кезде простата айналасындағы тіндерге қан құйылғаны, қуық безінің үлкейіп, деформацияланғаны, флюктуацияланған учаскелері бар екені білінеді де, ол пальпация кезінде қатты ауыратын болады.

Қуық безі соғылған жағдайда науқасқа төсек режимі, ауырғанды басатын, гемостатикалық дәрмектер, антибиотиктер тағайындалады; несеп тежелген жағдайда қуықты катетерлеу, оны капиллярлық пункциялау жүргізіледі, жекелеген жағдайларда қуық жыланкөзі жасалады.

Қуықбезінен қан ағуын тоқтатуға арналған құрал ретінде шат аралығына салынатын қысып тұратын таңғышты ұсынуға болады, сондай-ақ жергілікті гипотермия қолдануға болады. Ол ректалдық психроффордыңнемесе К.Т.Овнатанянның жәнеқосымша авторлардың (1970) ректалдық суытқышымен іске асырылады, бұл құралдар арқылы суытылған сұйықтықөткізіледі.

Қуық безі жыртылған, жамбас сүйектерінің жарықшақтарымен жараланған және бұл органға қан кеп құйылған жағдайларда операция жасап емдеу қажеттігі артады. Ол шат аралығы арқылыжетіп қуық безін жалаңаштауға, қуық безіне кіріп кеткен сүйек фрагменттерін алып тастауға, қан ұйымаларын кетіруге және жараны тігу немесе тампонада арқылы қанның ағуын тоқтатуға саяды. Несеп шығаратын өзек қатарынан зақымдалған кезде несепті қуықтан әкету амалы да іске асырылады.

Тік ішек қоса зақымдалған жағдайларда жаратылысқа қарсы артқы өту жолы жасалады.

Қуық безінің зақымдалулары артқы үрпіге металл аспаптарды: катетерді, бужды, цистоскопты және т.б. жеделдетіп енгізу кезінде де пайда болуы мүмкін. Зақымдануға себепші болатын жағдайлар: үрпінің стриктуралары, артқы үрпі мен қуық безіндегі қабынба өзгерістер, қуық безінің аденомасы және ілгеріде аталған аспаптармен жұмыс істеу кезінде тиісті тәжірибенің жоқтығы. Қуық безінің аспаптармен эндоуретралдық зақымдануларын жалған өтпелер деп атайды; бұл соңғылар жеке-жеке және көптеп болуы мүмкін. Аспап әр түрлі тереңдікке куық безін зақымдайтын толық емес жалған өтпелер болады және аспап бездің шегінен асып, жамбас клетчаткасына, қуыққа, тік ішекке кіріп кеткен толық жалған өтпелер болады. Сонғы жағдай қуықбезі жарақаттануының неғұрлым жиі болатын түрі. Қуық безі жарақаттануының бұл түрінің симптомдары шат аралығы өңірінің ауыратыны, несеп шығаратын өзектен кейде өте көп қан ағуы, кіші дәрет сындырудың қиындап ауыратыны және тіпті несептің жүрмей қалуы болып табылады. Қуық безінің зақымдануы оның қабынуымен асқынатыны жиі кездеседі. Толық жалған өтпелер кезінде несеп іркілмелері және жамбас клетчаткасының флегмоналарының дамуы мүмкін.

Қуық безі зақымдануының диагнозы анамнез деректерінің, аталған клиникалық көріністердің, қуық безін тік ішек арқылы саусақпен тексерудің (без үлкейген, ауырады, консистенциясы қамырға ұқсас, абсцессе аймағында флюктуация өңірлері болады) негізінде қойылады.

Емдеу шаралары қуық безінің зақымдалу дәрежесіне байланысты құрылады. Қан онша көп ақпайтын терең емес жалған өтпелер кезінде науқас төсекке жатқызылып шат аралығына басып тұратын таңғыш салынады, гемостатикалық құралдар, антибиотиктер, ауырғанды басатын дәрмектер тағайындалады. Әдетте, осы аталып шыққан шаралардың көмегімен бұл асқынулардың бетін ойдағыдай қайтаруға болады.

Қуық безінің неғұрлым елеулі жарақаттануы кезінде қан ағуын тоқтатуға бағытталған шаралар кеңінен және қарымдырақ қолданылады: қан, эпсилон-аминокапрон қышқылы құйылады, жергілікті гипотермия қолданылады, ал несеп жүрмей қалғанда тұрақты катетер (ол қан ағуын тоқтату үшін де жақсы құрал болып шығуы мүмкін) орнатуға болмайтындай болса, қуықты капиллярлық пункциялау жүргізіледі немесе қасаға үстінен қуық жыланкөзі жасалады.

Ашық зақымданулар

Қуық безі мен ұрық қуықшаларының ашық зақымданулары оқтан, жарықшақтан болған және шаншып, кесіп кеткен жараланулар кезінде байқалады.

Оқтан, жарықшақтан болған жараланулар (көбіне жарықшақ тигеннен) өте сирек кездеседі және, әдетте, қабаттасқан жараланулар болып шығады. Н.Ф.Горкун (1955) Ұлы Отан соғысында жамбас органдарының оқ, жарықшақ тигеннен болған 306 жаралануының 10-ы қуық безі зақымдалған жағдай болғанын атап көрсетті.

Шаншылған-кесілген жаралар шат аралығы не тік ішек арқылы өткір үшкір заттардың енгізілуі кезінде болады.

Ұрық қуықшаларының жаралануларына келсек, олар осы қуықшаларға жақын жатқан органдардың зақымдануларымен ұштасқан түрде ғана болады және олардың фонында нақпа-нақ клиникалық симптоматикасыз өтеді (Л.И.Дунаевский, 1970). Әдетте олардың зақымдалғаны басқа органдардың жараланулары жөнінде жасалған операциялық араласулар уақытында байқалып, анықталады.

Қуық безі жараланғанының негізгі симптомдары шат аралығы, тік ішек өңірінің ауырып, жыныс мүшесінің басына берілуі және кіші дәрет сындырудың кінәраттары. Қуық безімен бір мезгілде үрпініңартқы бөлімі де зақымданған жағдайларда қан не сыртқа, не қуыққа ағуы мүмкін, осының өзінде егер қуыққа қан интенсивті түрде келетін болса, қуықты тампонадалау қажет болуы мүмкін.

Қуық безінің жаралануы үрпінің, қуықтың, тік ішектің зақымдануымен қабаттас болған кезде бұл органдардың зақымдалғанының белгілері анықталады, олар: несеп ағып келіп іркілуі, тік ішек арқылы немесе шат аралығындағы жара арнасы арқылы несеп ағып шығуы, жарадан нәжістің және газдардың шығуы.

Қуық безі жаралануларының диагностикасы осы аталған симптомдарға, жараның шоғырлануына, жара арнасының проекциясы, қуық безін пальпациялаудың, шолу рентгенографиясы мен әр түрлі проекциялардағы уретрографияның деректеріне негізделеді.

Қуық безінің жаралануын емдеу жараны бастапқы хирургиялық өңдеуге, ал қажет болған жағдайда жат текті денелерді алып тастау, қан ағуын тоқтату, ірің негіздерін жарып ашу үшін шат аралығын простатомиялауға саяды. Қуық безімен бір мезгілде үрпі мен тік ішек зақымдалған жағдайда қасаға үстінен қуық жыланкөзі, жаратылысқа қарсы артқы өту жолы жасалады, жамбас клетчаткасы дренаждалады. Консервативтік емдеу тек мына жағдайда ғана — қан ағуы жәнеқабыну реакциясы білінбей, қуық безі оқшау жараланған жекелеген жағдайларда ғана колданылуы мүмкін.

Қуық безі жараланған кезде оның бездік элементтері бұзылады да, одан әрі тыртықтанған тінмен алмасылады; мұның салдары жыныс функциясының белсіздік өрбуіне дейін барып бұзылуы болып табылады. Тыртықтану процесіне қуық безініңжаралануын асқындыратын жедел және созылмалы қабынулары да себепші болады. Қуық безінің зақымдануларын емдеудің барысында бұл органда араласудың сақтаушылық принципін жүзеге асыру қажет және қабынғаннан болатынасқынуларды болғызбау мен жоюға бағытталған қарымды терапия жүргізу керек болады.

#Қуық #безі #мен #ұрық #қуықшаларының #зақымданулары