Несептастарының түрлері | туралы қазақша
Әр түрлі несеп тастарының химиялық құрамы мен жиілігі әр түрлі географиялық аймақта түрліше болып, жеке де, бірігіп те кездесуі мүмкін. Оксалат уролитиазы барынша таралған, оның жиілігі әр түрлі аймақта 45-72 % құрайды, кальций-фосфат уролитиазы — 14-39 %, несеп қышқыл уролитиазы — 11-20 % құрайды; 0,3-0,4 %-i — цистин тастарының үлесіне, 0-0,4 %-і — белокты тастардың үлесіне келеді.
Ураттар — несептің қышқыл реакциясында пайда болады және несеп қышқылының, несеп қышқыл натрий мен аммоний кристалдарынан тұрады. Олардың пішіні жұмыр, түсі сарғылт немесе кірпіштей сары, беті жылтыр немесе ұсақ бедерлі, консистенциясы қатты.
Рентген-теріс.
Оксалаттар — несептің қышқыл немесе нейтрал реакциясы кезінде қымыздық қышқыл кальцийден немесе аммонийден түзіледі. Олардың беті бұдыр немесе тікен тәрізді, түсі күңгірт-коңыр немесе қара. Бұлар өте қатты, қиын уатылатын тастар. Рентген-оң.
Фосфаттар — фосфор қышқыл кальцийден, фосфор қышқыл магнезиядан, фосфор қышқыл аммиак-магнезиядан (трипальфосфаттар) тұрады. Пішіндері әр түрлі, беті тегіс немесе кедір-бұдыр, түсі ақ немесе сұр, консистенциясы жұмсақ. Бұл тастар тез үлкейеді, оңай уатылады, сілтілі ортада пайда болады. Рентген-оң.
Карбонаттар — көмірқышқыл кальцийден немесе көмірқышқыл магнезиядан тұрады. Түсі ақ, жылтыр, жұмсақ, сыртқы түрі борға ұқсайды. Рентген-оң.
Баска тастар — цистин, ксантин, белок, холестерин тастары сирек кездеседі.
Цистин тастары — белок алмасуының бұзылуынан пайда болады. Цистин, лизин,аргинин, орнитин секілді амин қышқылдарынан тұрады. Олар әдетте екі жақты, жұмыр пішінді, сырты жылтыр, тегіс, ашық-сары түсті немесе түссіз дерлік, өте жұмсақ. Рентген-оң.
Ксантин тастары — қышқыл ортада пайда болады, құрамында ксантиннен басқа — несеп қышқылы болады. Сырты тегіс, түсі күңгірт-сары немесе жасыл-сұр, өте қатты, кесіндісі жалтыр. Рентген-теріс.
Белок тастары — әр түрлі белокты заттар- фибриннен, бактериялар мен тұздардан тұрады. Түсі ақ, қатпарлы, жұмсақ, тығыз. Рентген-теріс.
Холестерин тастары — холестериннен тұрады, түсі қара, жұмсақ, оңай үгітіледі. Рентген-теріс.
Бастапқы асептикалық, әр түрлі жалпы себептердің әсерінен пайда болатын (негізінен урат, оксалат, цистин, ксантин және холестерин) тастарға және негізінен несеп жолдарының жергілікті зақымдануы нәтижесінде түзілетін, екіншілік, инфекцияланған (фосфат, карбонат, белок тастары) тастарға бөлінеді.
Бүйрек тастары жалғыз және көп болады. Көлемі алуан түрлі, 0,1 см-ден 10-15 см-ге, одан да үлкен, ал салмағы грамның бөлігінен 2,5 кг-ға дейін болуы мүмкін. Кейбір тастар бүкіл тостағаншалар-астау жүйесін жайлап өседі, оны таралуына, сырт пішініне байланысты мүйіз тәрізді немесе маржан тас деп атайды.
Несепағар тастары.Олардың бәрі де бүйректен төмен түскен тастар. Сырт пішіні, көлемі әртүрлі, көбінесе біреу, ал 2-3 тас бір несепағарда болуы мүмкін. Тастар көбінесе несепағардың физиологиялықтар жерлерінде кідіреді: астаудан шығар мықын тамырларымен несепағар қиылысқан, қуық маңайында (юкстивезикале) және интрамурал бөлімдерінде.
Нефролитиаздың патологиялық анатомиясы. Бүйректе болатын патологиялық өзгерістер тастардың көлеміне, формасына, орналасқан жеріне, бүйректің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Көбінесе ол өзгерістер бүйректегі қабыну құбылысына сәйкес болады. Дегенмен «асептикалық» тастардың өзі де бүйрек паренхимасына өзіне тән зақымын тигізеді.
Инфекция жоқтығы бүйректе қабыну жоқ дегенді білдірмейді. Бұл кезде қабыну антерстициальдық нефрит жолымен жүреді. Бүйрек өзекшелері, шумақтары кеңиді, аралық дәнекер тіндерде пролиферация ұлғаяды, ол әсіресе түтікшелердің айналасында болады, қабыну біртіндеп бүйрек паренхимасының семуіне әкеледі. Склероз, атрофия құбылыстары бүйрек астау-тостағаншаларын қамтиды, бүйректің функциялық элементтері жойылып, майлы тіндерге айналады. Бүйрек тостағанша-астауы кеңуі, паренхимасы азаюы гидронефроз деп аталады. Асептикалық несеп тасында негізінен үш құбылыс болады: нефрит, бүйрек атрофиясы, гидронефроз. Инфекция қосылғандапиелонефрит пен оның апостематоз, карбункул және бүйрек абсцесі секілді іріңді формалары, сондай-ақ ішекті тесіп өтетін немесе несепағардың бағытымен төмен қарай таралып, қуыққа, үрпіге енетін немесе белдің тұсына ашылатын пионефроз бен іріңді паранефрит секілді іріңді формалары пайда болады.
Клиникалық ағымы және белгілері. Бүйрек шаншуының қайталап ұстауы, одан кейін зәрде қанның болуы, зәрмен бірге құмның, тастардың, кілегейдің шығуы, бұған дейін бүйрек пен несеп жолдарына операция жасалғаны анықталады.
Белгілері. Бүйректің шаншуы — жоғарғы несеп жолдарын тастың бітеп қалуынан зәрдің кенет тоқталуына байланысты (тостағанша-астау, несепағар) астау-несепағар сегментінің бұлшық етінің түйілуіне байланысты белдің тұсынан ұстайтын қатты ауру бүйректің тас ауруларының барынша айқын белгісі болып табылады. Астаудың қысымының ұлғаюы, бүйректің ішіндегі қысымды көтеріп, бүйрек ісініп, көлемі үлкейіп, бүйректен вена, лимфа тамырларының ағымын бұзады. Бүйректің ісінуі, оның фиброзды қабығының нерв ұштарын тітіркендіріп ауыру ұлғая түседі. Аурудың кенеттен басталатыны және күштілігі соншалықты, науқастар дене қалпын ұдайы өзгертіп отырады тынышсызданады, ыңырсиды, айқайлайды. Кейде бүйрек шаншуы кезінде құрсақ қуысы мүшелерінің рефлекторлық реакциялары (ішек парезі, метеоризм, құрсақтың алдыңғы қабырғасының ширығуы, құсу, жүрек айну) айқын сезіледі.
Бүйрек шаншу кезінде ауырудың таралуы (иррадиясы) тастың орналасуына байланысты. Егер тас бүйректен зәр шығуын бұзып, оның ригидті фиброздық капсуласын көру арқылы гидронефроз туғызатын болса, костовертебральды бұрышта ауру сезімі басым болады. Егер тас несепағарды бойлай төмен қарай қозғалатын болса, ауру көбіне несепағардың тұсына, кіндікке, мықын мен шапқа таралады, тастың куықтыңқабырғасына түсіретін кысымы иәтижесінде ауру өте күшейеді. Егер тас несепағардың төменгі бөлігіне түсетін болса, ауру сезімі шапқа, санға, енге, үрпіге таралады.
Бүйректің шаншуы кезінде дененің температурасы менлейкоцитоз артады, бұл астау-тостағанша рефлюкстеріне байланысты.
Бүйректі саусақпен басып көру қашан да ауыртады, оның төменгі қатты ауыратын полюсін сипап сезуге болады. Теңселу белгісі оң. Науқастардың 1/4-інде бүйректің шаншуы әдеттегідей болмайды (атиптік ағым), оны жедел аппендициттен, холециститтен, асқазан мен ұлтабардыңтеспе жарасынан, ішектің кенет бітеліп қалуынан, жедел панкреатиттен және жатырдан тыс екіқабаттықтан айыруға тура келеді.
Бүйректе маржан тәрізді тас түзілгенде -ол ұдайы ұйып ауырады, қимылдағанда, ауыр дене еңбегімен айналысқанда, сондай-ақ калькулезді пиелонефрит асқынғанда ауру күшейеді.
Гематурия -науқастардың 90 процентінен байқалады, ол кілегейлі қабықша жарақаттанғанда микрогематурия, ал форникальды қан кетуде — жаппай макрогематурия болуы мүмкін.
Пиурия — пиелонефритке байланысты науқастардың 60-70 процентінен байқалады. Нефролитиазбен ауыратын науқастарда, егер несеп пассажы дер кезінде қалпына келтірілмесе, жедел пиелонефрит серозды сатыдан көбіне іріңді пиелонефритке ауысады.
Дизурия тастың орналасуына байланысты болады: несепағардағы тас неғұрлым төмен орналасса, ол соғұрлым өткір сезіледі.
Тастардың- бүйректің тас ауруларының патогномониялы белгілерінің бірі, ол үнемі дерлік бүйректің шаншуына ұласады. Тастың шығуы оның көлемі мен орнына, жоғарғы несеп жолының тонусы мен уродинамикасына байланысты.
Бүйрек тасының ең айқын белгісі-бүйрек шаншуы кезінде зәрмен тас шығуы. Тастың шығуы оның көлемі мен орнына, жоғарғы несеп жолының тонусы мен уродинамикасына байланысты.
Жалпы клиникалық тексеру. Пальпация кезінде бүйректің үлкейгендігі, ауыратыны, несепағардың бойындағы ауыру сезімі, оң Пастернацкий белгісі болады.
Лабораториялық диагностика.Бүйрек шаншуы тұсындағы жалпы қан анализінде лейкоцитоз, лейкоциттер формуласы солға қарай жылжуы, нейтрофильдердің улы түйіршіктігі, ЭТЖ-нің ұлғаюы мүмкін.
Эндоскопиялық әдістер
Несеп тасы ауруын анықтауда рентгендік және ультрадыбыстық әдістер негізгі рөл атқарады. Егер тас несепағардың төменгі (юкставезикальды, интрамуральды) бөлігінде орналасса, цистоскопия кезінде несепағар сағасының ісінуі, гиперемиясы, одан қан аралас, ірің аралас зәр шықканын көруге болады.
Хромоцистоскопия — бүйректің тас аурулары диагностикасының бағалы әдістерінің бірі -бүйректің қызметін бағалауға, несепағардың ішінара немесе толық окклюзиясын анықтауға мүмкіндік береді. Несепағардың толық окклюзиясында 10-12 минут бойы зақымданған бүйрек несепағарын бақылағанда сағасынан индигокарминмен боялған зәрдің бөлінуі байқалмайды.
Несепағарға катетер енгізу -бітелу деңгейін анықтау және зәрді шығару үшін емдеу-диагностика мақсатында жүргізіледі. Катетерді несепағарға конкременттің деңгейінен жоғарырақ енгізгенде тоқтап қалған зәр жиі тамшылайтын болады.
Бүйректі ультрадыбыспен тексеру (УЗИ). УЗИ-дің жақсы мағлұматтар беруі, кауіпсіздігі және қолайлылығы оны диагностиканың бірінші кезеңі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Өлшемі 3 мм-ден ірі конкременттер жақсы көрінеді. УЗИ кезінде несеп ағуының бұзылу дәрежесін анықтауға болады — конкрементті жұқа (1-2 мм) сұйықтық қабаты қоршаған кезде -ең аз дәрежесі. Егер конкремент бүйрек тостағаншасынан шығатын ағынды бөгесе, бұл тостағаншаның 10 мм-ден аса ұлғайғаны, бұл ондағы сұйықтықтың көлемі 0,6 мл-ге немесе одан да астам мөлшерге сай келетінін білдіреді. Астауда, астау-несепағар сегментінде немесе несепағарда орналасқан конкремент бүйректен шығатын ағынды тұтас бөгейтін болса, тостағанша-астаудың қабырғасы жаппай ұлғаяды, оны УЗИ-де оңай анықтайды.
Рентгенурологиялық зерттеу әдістері
Бұлар конкременттің химиялық құрамына қарай (рентген-оң және рентген-теріс) тастың 10 процентіне дейін рентген-теріс болады.
Жалпы урография -нефрограмманы, бел бұлшық еттерінің көлеңкесін, сүйек жүйесінің күйін және несеп шығатын жолдар бойындағы тасқа күдіктенетін көлеңкелерді, оның орнын, өлшемі мен мөлшерін бағалауға мүмкіндік береді.
Экскреторлық урография (контраст заттар — уротраст, урографин, верографин, триомбраст, омниопак, ультравист және т.б.) бүйректің секреторлық-эвакуаторлық (дер кезіндегі немесе баяулатылған) қызметін бағалауға, бүйрек пен несеп жолының барлық бөлімдерінің анатомиялық-функционалдық күйін, конкременттің бар-жоғын және обструкциялық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді (12.1., 12.2., 12.3-суреттер).
Ретроградты уретеропиелография. Рентген-теріс тастарға диагностика жасау үшін төмен концентрациялы контраст затпен немесе газбен (оттегімен) ретроградты уретерепиелография жүргізеді. Газдың көрінісінде рентген-теріс тас көлеңке түрінде, ал сұйық контраст заттың көрінісінде -толтыру дефекті түрінде анықталады.
Компьютерлік томография — несеп тастарын бүйрек кальцификаттарынан (туберкулезде, эхинококта, ісіктерде), кальцийленген лимфа түйіндерінен, өт тастарынан, ішектегі контраст заттың қалдықтарынан, флеболиттерден, жамбас веналарынан, ішектегі бөгде денелерден жіктеу қажет болатын бірқатар жағдайларда қолданылады.
Нефроуретеролитиазды емдеу. Бүйректің тас ауруларын жан-жақты емдейді, ол мыналарды қамтиды:
- Диета сақтау.
- Дәрі-дәрмекпен емдеу.
- Физиотерапия.
- Рентегнэндоурологиялық емдеу әдістері.
- Экстракорпоральды соқпа толқынды литотрипсия (ЭУВЛ).
- Перкутанды нефролитотрипсия (ПН).
- Операциямен емдеу.
- Санаторий-курорттық емдеу.
- Профилактикалық және меггафилактикалык емдеу курстары.
Этиопатогенездік емдеу. Несептің тұздары еріген күйде болатын ең қолайлы реакциясы рН 6,0-ге тең әлсіз қышқыл реакция болып табылады, оның қышқыл немесе сілті жаққа өзгеруі бейорганикалық тұздардың ерігіштігін нашарлатып, несеп диатезі мен нефролитиаздың дамуына алғышарттар туғызады.
Ураттар (несеп қышқыл тастар, гиперурикемия, гиперурикурия) белок алмасуы бұзылғанда және несеп пен қандағы несеп қышқылының концентрациясы артқанда өте қышқыл ортада (несептің рН-ы 6,0 минералдар — сусыз несеп қышқылы, уратаммония) пайда болады. Несеп қышқылы еруі үшін несептің рН-ы 5,8-6,5 шамасында болуы тиіс. Осы мақсатпен науқастың диетасы тамақтану рационынан қуырылған және бұқтырылған етті, іркілдекті, ет және балық сорпасын, тұздылықтарды, консервіні, бауыр, бүйрек, ми, бұршақты шығарып тастауды талап етеді. Қымыздықты, рауғашты, бұршақтьқ бұрышты, жаңғақты, шоколад пен какаоны пайдалануды азайтады. Сүт өнімдері мен өсімдік текті диета белгіленеді: көкөністерден — қарбыз, кауын, жемістерден –алма, жидектерден — қара өрік, курага, қарақат, мүкжидек, сүт өнімдері пайдалы. Осымен бір мезгілде зәрдегі несеп қышқылының концентрациясын кеміту үшін сұйықты көп ішу ұсынылады (Сарыағаш, Шымкент, Ессентуки N4 және N7, Смирновская және Славянская, Боржоми сілтілі минералды сулары).
Дәрі-дәрмек препараттарынан негізгі үш топ қолданылады:
- Несеп қышқылының түзілуіне қатысатын ферменттердің ингибиторлары — алопуринол, милурит, анурин (тәулігіне 0,4 г — емдеу курсы 1,5 ай);
- Несепті сілтілендіретін заттар — бензобромарон, нормурат, гипурик (тәулігіне 100 мг, мол ішу — тәулігіне 2,5 л);
- Несеп кышқылының шығуына түрткі болатын урикуретиктер -аспирин, пробенсид, колхицин, индометацин, сульфаниламидтер, анти-коагулянттар, гипогликемикалық препараттар.
Цитратты қоспаларға жататын препараттар мүлде өзгеше әсер етеді, олардың әсері несепті сілтісіздендіруге және цитраттардың антикристаллизатциялық әсеріне сүйенеді.
Цитратты қоспалар тобына мыналар жатады: уралит У(Германия), магурлит (Венгрия), блемарен (Германия), солуран (Болгария), солимок (Ресей). Несеп қышқылының кристалдары мен құмды бөліп шығаруда несеп қышқыл тастарды еріту үшін, несеп қышқыл диатездің профилактакасы үшін цитратты қоспаларды белгілейді. Препарат жекелей 3 айдан 12 айға дейін белгіленеді. Кристаллурия мен несеп қышқыл диатезде — тиімділігі 100 %. Несеп қышқыл тастардың еру тиімділігі — 45-60%. Цитратты қоспаның панангинмен және бензобромаронмен ұштасуы (конкременттің өсу жағдайларын тоқтатып, оның ерігіштігін азайтады) 95 % жағдайларда рентген-теріс тастардың еруіне себепші болады.
Кальций-фосфат кристаллуриясында (минералдар — карбонатапатит, струват) несептің рН-ы зор рөл атқарады. Кальций фосфатының тастары рН шамамен 7,0 болғанда түзілетіндіктен, несеп қышқылдандыру, ол тастары ерітуге, профилактикасына себепші болуы мүмкін.
Әдетте кальций-фосфат кристалдануында кальцийдің сіңірілуін күшейте отырып, қарын сөлінің гиперсекрециясы байқалады. Сондықтан несептің рН-ын қышқыл жаққа қарай өзгерту үшін тамақпен бірге кальцийдің пайдалануын азайтып, қарын сөлінің бөлінуін күшейтетін азық-түлікті шектеу керек. Кальций-фосфат тастары түзілетін жағдайларда өсімдік текті мынадай диуретюстерді қолдану тиімді: фитолизин, уролесан, ниерон-шай, урофлюкс, бүйрек шай жене т.б.
Рационнан сілтілі-минералды сулар, сүт, кілегей, кефир, айран, сыр, жұмыртқа шығарылады. Құрамында кальций көп болатын картопты, бұршақты, көкөністер мен жемістерді пайдалану азаяды. Негізінен ет тағамдары, оның ішіңде қуырылған ет, ет сорпасы, жармалар, қант, жемістер (жүзім, алма, алмұрт), А витаминіне бай және кальцийі аз өнімдерді (бауыр, балық майы, сары май, сәбіз, ашытқы, пияз, итмұрын, уылдырық, бұршақ, асқабақ, қызамық, қызыл қарақат, қышқыл алма) пайдалану ұсынылады. Минералды сулардан нарзан, Арзни, Железноводск суы, Шалқар, Жосалы суын ішу ұсынылады.
Дәрі-дәрмектік препараттардан фосфат пен карбонат жағдайында бip негізді фосфор қышқыл натрийді пайдаланады, ол ішек жолындағы кальцийді байланыстыра отырып, оның тәуліктік бөлінуін 50 %-ке кемітеді. Несептіқышқылқандыру үшін тұз, фосфор және бензой қышқылдарын хлорлы аммонийді пайдаланады. Емдеу кешеніне метионин метилен көгі қосылады.
Соңғы жылдары нефролитиазда (несеп қышқылының тасы,фосфат, оксалат, аралас тастар) үндінің өсімдік текті препараты — цистон кеңінен қолданылуда. Цистон несептің рН-ын өзгертіп, кристаллоидтық-коллоидтық балансты түзетеді, несеп тастарын немесе құмды ерітетін қосымша қасиеттері бар. Ол тастар муциніне әсер етеді, диурезді ұлғайтады және ыдыраған құм, бөлшектерді несеп ағынының шайып әкетуіне себепші болады. Қуықтың сығылуына әлсірете әсер ететіндіктен, препарат қуықтың тітіркенуіне жол бермейді.
Оксалурия (оксалат тастары, гиперкальциурия) -несепте метаболдық өзгерістерге байланысты кальцийдің мөлшері (минералдар — вевеллит, ведделлит) артық болады. Оның себептері — Д витаминінің интоксикациясы, тиреотоксикоз, гиперпаратиреоз.
Абсорбциялық гиперкальциурияны анықтау үшін кебекті пайдалану ұсынылады, бұл әдіс кебектің құрамындағы ірі талшықты қосылыстардың кальцийді абсорбциялау қасиетіне негізделген. Науқастарға 2 апта бойы тәулігіне: әйелдерге — 25 г, еркектерге — 35 г кебек беріледі. Екі апта өткен соң кальций экскрециясының 40 процентке кемуі гиперкальциурияның абсорбциялық типін көрсетеді. Мұның емдеу ісінде принциптік маңызы бар. Абсорбциялық гиперкальциуриялы науқастарға кальцийдің негізгі көзі — сүт өнімдерін пайдалануды шектеп, кебек қабылдауды жалғастыра беру керек. Рационнан қымыздық, шпинат, қызылша, бұрыш, бұршак, жаңғак, алхоры, тұшала, сүт, жұмыртқа, күрең шай шығарылады. Диетадан какао, шоколад, картой, томат, ет өнімдері — ми, сорпалар шектеледі. Мынадай жемістер ұсынылады: алма, алмұрт, беке, шие, шабдалы, өрік, қарбыз, жүзім, қара қарақат, алмүрт және итмұрын жапырақтарының, жемістердің қабықтарының тұнбасы. А және С витаминдері, осы витаминдерге бай өнімдер (итмұрын, сәбіз сөлі, капуста) қосымша белгіленеді.
Абсорбцияланбаған гиперкальциурияны емдеуде антибактериялық емдеу әдісінің маңызы зор. Қабыну процесінің активтігі мен кальциурия деңгейі арасында тығыз байланыс орнаған. Антибиотиктермен қатар, тиазидті диуретиктер, құрамында калийі көп диета қабылданады, натрий мен кальцийді тұтынуға шек қойылмайды. Минералды сулардан әлсіз минералды Манкент, Арыс, Ессентуки N20, Смирновская және Славянская, Нафтуся, Саирме сулары ұсынылады.
Цистинурия кезінде рационнан құрамында белоктары бар өнімдер шығарып тасталады. Балық, сыр, ет, жұмыртқаның ағы секілді белокты тағамдардың құрамында цистиндер болады. Негізінен өсімдік текті тағамдар ұсынылады.
Несеп диатезінің барлық түрлерінде алкоголь ішімдіктерін ішуге, қыша, сірке су, бұрыш, ақжелкек, тұздалған балық секілді хош иісті тағамдарды пайдалануға болмайды.
Дәрі-дәрмекпен емдеу. Бүйректің шаншуын тоқтату үшін аналгетиктерді (баралгин 5%-5,0 в/м немесе в/в, анальгин — 50%-20 в/ м, спазган 5,0 в/м, триган — 5,0 в/м, есірткі емес анальгетик калорфин 2,0 в/м) есірткі аналгетиктерге дейін (морфин гидрохлориді 1%-1,0 п/к, омнопон- 1%-2%-1,0 п/к, промедол – 1%-2%-1,0 п/к және т.с.с.) пайдаланады. Оларды спазмолитиктермен (папаверин гидрохлориді 2,0-2,0 в/м, но-шпа — 2%-2,0) жане перифериялықхолинергиялық процестерге әсер ететін дәрілермен бірге ұштастыра пайдалануға болады.
Бүйректің шаншуын тоқтату үшін сондай-ақ ұрық жіпшесіне немесе жұмыр жатыр сіңіріне Лорин-Эпштейн әдісімен 0,5 проценттік новокаин ерітіндісінен 40-60 мл блокада, жамбас ішіне Школьников әдісімен новокаин блокадасын жүргізеді.
Емдеу кешеніне бүйректің бөліп шығару қызметін күшейтетін дәрілер косылуы тиіс.
- Диуретикалық дәрілер -қышқыл түзетін диуретиктер (аммоний хлориді -фосфатурия кезінде), несепті жүргізу үшін пайдаланылатын өсімдіктер экстракты мен тұнбасы және антиазотемикалық құралдар (арша жемісі, аюқұлақжапырағы, қызамық жапырағы, қайыңбүршігі);
- Несеп қышқылы мен несеп конкременттерін шығаратын құралдар: нессп қышқыл диатезде -этамид, аллапуринол, уродан, магурлит, блемарен, солуран, бояйтын марена экстракті (кальций мен магний фосфатындағы конкременттерді еріту үшін); цистенал, олиметин, ависан, пинабин, уролесан, фитолизин — спазмолитикалық, несеп үлғайтатын және литолиздықәсер етеді).
Несепке инфекция түсіп, пиелонефриттің шабуылы басталатын жағдайларда микрофлораның сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктер мен уроантисептиктер (палин, пимидель, 5-HОK, фурагин, неграм, полицинжәне т.б.) белгіленеді.
Бүйректің шаншуы дәрі-дәрмектермен және жылу процедураларымен (ванна, грелка) тоқтатылмағанда, несепағарға катетер енгізеді, мұнда катетерді зәрдің шығуын қалпына келтіру үшін конкременттің деңгейінен жоғары орнатады. несепағардың катетерін 2-3 тәулікке шығарып алып, пиелоренальды рефлюкске жол бермеу үшін баяу әрі өте абайлап (1-2 мл) шаяды (пенициллин ерітіндісін 1 млн + 0,25% -100 мл новокаин ерітіндісін пайдаланады).
Несеп тасын емдеуде бүйрек шаншуын емдеу елеулі орын алады, өйткені ауруға жедел жәрдем көрсету керек. Емді жылы процедуралардан бастау қажет (грелка, ыссы ванна), онымен қоса ауыруды басатын, түйілуді шешетін дәрелер беріледі (баралгин 5 %-5,0 бұлшық етке немесе венаға, атропин 0,1%-1,0 және 1 мл 1-2 % омнопон тері астына, папаверин гидрохлориді 2 %-20, но-шпа 2 %-20 тері астына т.с.с).
Бүйрек пен несепағар тастарын эндоскопиялық
әдіспен тері арқылы шығару
Бүйрек пен несепағар тастарын тері арқылы шығару тиімділігі жөнінен ашық операциялардан кем түспейді. және көптеген жағдайларда науқастар мен мүшеге аса қауіп төндірмей-ақ жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
ТБНТ эндоскопиялық әдіспен шығару аса биік орналаспаған бүйректің астауы мен тостағаншасындағы бірлі-жарым және көптеген тастарды, сондай-ақ несепағардын жоғарғы бөлімінің қозғалатын тастарын шығаруда барынша қолайлы. Бұл әдістің кемшіліктері салыстырмалы сипатта болады.
Егер несеп тасы жедел пиелонефритпен, экскреторлы ануриямен СБЖ-мен асқынса, ТБНТ эндоскопиялық операциясын кезеңдерге бөлу дұрыс, ол кезде әуелі тері арқылы нефростомия койып, басқа керекті антибактериальды, дезинтоксикациялық терапиясын өткзіп, ТБНТ эндоскопиялық операциясын келесі кезеңде жүргізу керек.
Терең жара өзегін дилятация жасай отырып, конкрементке антегралты жету жолын жасау, нефроуретероскопия, конкременттерді дезинтеграциялау және литоэкстракция ТБНТ-нің негізгі кезеңдері болып табылады, бұл кезеңдердің әркайсысының өз ережелері мен ерекшеліктері бар, оларды білу және орындау операция жасаудың тиімділігін арттыруға, аталған кезеңдердің кез келген сатысында асқынуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Ультрадыбысты литодеструкция
Кейде тасты құралмен шығарып алу және литоэкстракция жасау мүмкін емес немесе қауіпті болады. Мұндай жағдайларда, сондай-ақ конкременттердің мөлшері 1,5 см шамасында болса, ультрадыбысты литодеструкция жүргізіледі — тасты уатады.
Жоғарғы несеп жолдарын операциядан кейін дренаждау
Конкрсменттерді фистула арқылы шығарудан кейін бүйректе 2-5 күнге нефростомия қалдыру қажет.
Нефростомиялық түтікшенің дистальды ұшының астауда орналасуы оның ортаңғы тостағанша арқылы бүйрекке енуі ең сенімді позиция болады. ТАБ-нің мөлшері мен құрылысына қарай дренаждың дистальды ұшынан бірнеше бүйір тесіктерін жасайды, бүйрекке бұлайша орналасуда тесіктер астаушаға ашылуы тиіс. Бұл жоғарғы несеп жолдарын жақсы құрғатады.
Экстракорпоралды соқпа толқын литотрепсиясы
Қазіргі уақытта нефроуретеролитиазды негізгі емдеу әдісі дистанциялық соқпа толқынды литотрепсия (ЭУВЛ) болып табылады. Бұл әдіс литотриптердің түрі мен тегіне қарай бүйректің тас ауруымен ауыратын науқастардың 60-80 процентін хирургиялық операциясыз-ақ сауықтыруға мүмкіндік береді.
ЭУВЛ-дің жұмыс істеу принципі мынаған негізделген; соқпа толқын қысымның қысқа импульсі мен одан кейін келетін сирету импульсінен тұрады, биологиялық тканьдерге өте терең ене алады, акустиканың белгілі заңдарымен сипатталады, бұл жағдайда шекарада толқыңды қайтарудың орташа дәрежесі осы ортаның акустикалық импеданстарының арақатынасына байланысты. Организмдегі су мен жұмсақ тканьдердің акустикалық импеданстарының жақындығын ескергенде соқпа толқын энергиясының айтарлықтай қайтуы мен жұмсалуы байқалмайды. Несеп тастарының акустикалық импедансы ткань импедансынан айтарлықтай көп болады, осының салдарынан тастың алдыңғы бетінде соқпа толқын энергиясы босап, сызаттар ту-ғызады да, оның бөлініп қалуына дейін өкеп соғады. Тастың артқы бетінен соқпа толқын шығатын жерде импеданстары әр түрлі орта шекарасы болады, осында тастың шытынауына себепші болатын процестер өтеді.
Қазақстанда плента энергиясының электромагниттік көзінен соқпа
толқын туғызу принципімен жұмыс істейтін Siemens фирмасынын Lithostar plus және Storz фирмасының Moduiith SL=20 литотриптерін сатып алудан соң УВЛ жүргізу мүмкін бола бастады.
Дистанциялық соқпа толқынды литотрипсия көрсеткіштері
ДСТЛ-ды қолдану негізіңде бүйректің тас ауруымен ауыратын 450-ден астам науқастарды емдеу және мағлұматтарды талдау үшін мынадай жағдай айқын: бұл әдіс қалыпты дамып, қызмет ететін бүйректің тостағанша астауша жүйесінде бос орналасқан, өлшемі 1,5 см-ге дейінгі, инфекция жұқпаған тастар үшін немесе шұғыл, болмаса созылмалы бітелетін уропатия құбылысынсыз біраз уақыт (6 аптаға дейін) несепағарда жатқан 1 см-ге дейінгі тастар үшін барынша тиімді. Тастың көлемі мен санына бактериурия дәрежесінің (10 колонияға дейін, мл) артуына және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне карай, сондай-ақ бүйректің тас ауруы асқынған жағдайларда ЭУВЛ-мен қоса жүргізілетін, оның асқынуын жоятын немесе өңдеу мәліметтерін дербес шешетін рентген-эндоскопиялық операциялардың рөлі артады. Конкременттер шамасы 6 мм-ден асатын тостағаншалардың төменгі тобында орналасқанда фрагменттердің шөгуі нәтижесінде бұлардың шығуы өте қиындайды. Егер тас бүкіл астаушаны толтырып тұрса, онда мұндай тас пен көлемі 2 куб. см-ге дейін жететін көп тастарды литотрипсиялауды жоғарғы несеп жолдарын алдын ала катетермен кұрғатудан кейін немесе алдын ала нефрофигсті орнатқаннан кейін жүргізу керек.
Соқпа толқын литотрипиясын жүргізуге болмайтын жағдайлар:
- Жалпы соматикалық; 2.Урологиялық; 3.Техникалық.
Жалпы соматакалық жағдайлар мыналар: екіқабаттық, қанның ұю жүйесінің бұзылуы, жүрек кызметі режимінің өрескел бұзылуы, психикалық ауытқушылық, ауыр интеркурентті көрініс, әйел жынысындағы мензис уақыты, құрсақ қуысының ісіктері, анестезияға қарсы көрсеткіштер, кез келген этиологияның макрогематуриясы.
Урологиялық жағдайлар мыналар: несеп-жыныс жүйесіндегі шұғыл қабыну процесі, кызмет атқармайтын «мылқау» бүйрек, несеп шығаратын жолдың бітелуі, құм мен тас фрагменттерінің шығуына кедергі жасайтын тас (фроли белгісі ІІ-Ш дәрежелі гидронефроздық, трансформация, несепағардың тарылуы, ретроперитонеалды фиброз, несепағардьщ белгіленген иілімі, уретероцале, нейрогенді қуық, инфравезикальды бітелу), Ш-IV дәрежелі неф-роптоз, мұнда литотрипсиядан басқа бастапқы хирургиялық түзету жүргізу қажет: соқпа толқын аймағында бүйрек поликистозы мен солиарлы кисталардың болуы, өйткені уату барысында кистаның капсуласы жырылып, оның ішіндегі сүйықтық бүйрек маңындағы кеңістікке тегілуден ауру асқынуы мүмкін.
Келемі 3 куб. см-ден асатын, сондай-ақ, маржан тәрізді заттар дистанциялық литотрипсия үшін тиімді бола алмайды және аралас емдеуді талап етеді. Бұл жағдайлар осындай тастарды дистанциялық литотрипсия әдісімен бұзудың қиындықтарына байланысты емес, оның үстіне, генератордың қуатын оңай арттыруға болады, бұл несеп жолдарын көптеген фрагменттер мен құмның тас жол жасап бітеп қалу қаупімен байланысты. Литотрипсияның бірнеше сеансын жасау қажеттігі, сондай-ақ тканьнің зақымдануының өсуі соқпа толқын күшінің өсуіне пропорционалды болады.
Техникалық жағдайлары мыналар: май басу (масса 130 кг-нан астам) — бұл бүйректің тері бетінен ішке қарай терең орналасуына әкеп соқтырады, тірек-қимыл аппаратының, атап айтқанда, омыртқа жотасынын деформациялануы — бұл науқасты дұрыс жатқызуға және тасты ошаққа (фокусқа) шығаруға мүмкіндік бермейді.
Литотрипсиядан жарты сағат бұрын премедикация (есірткі, аналгетиктер, спазмолитиктер) белгіленеді.
#Несептастарының #түрлері