Еуропалық клуб Стойловпен келісімшарт жасауға дайын
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов еуропалық клубпен келісімшартқа отыруы мүмкін. Болгариялық «Левски» Стойловты үміткер ретінде қарастыруда.
Болгариялық «Тема Спорт» басылымының жазуынша, «Левски» Стойловты бас бапкерлікке алып келу үшін Қазақстан футбол федерациясына аса үлкен мөлшерде қаржылық өтемақы төлеуге дайын көрінеді. Сонда ғана Станимир мен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы келісімшарт күшін жоюы мүмкін.
Болгарияның танымал клубы қазір ел чемпионатында 16 турдан кейін үшінші орында келе жатыр. Көш басында – «Лудогорец», одан кейін ЦСКА. Команданың негізгі бәсекелестерінен артта қалуы және кубок үшін таластан жолдан шығуы – Стойловқа деген сұранысты арттыра түскен сыңайлы. Команданы қазір словениялық маман Славиши Стоянович жаттықтырып жүр.
Стойлов аталған командада футболшы ретінде де өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2003-2008 жылдары бас бапкер қызметін атқарып, командасын Чемпиондар лигасының топтық кезеңі мен ширек финалына алып шықты.
Бұл маман ұзақ жылдар «Астананы» баптап, сәтті жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін биыл наурыз айында Қазақстан құрамасын жаттықтыруға келісім берген. Алайда болгариялық маманның басшылығымен біздің құрама жарқын жеңістерге жете алмады. Ұлттар лигасы турнирінде де сәтсіз ойнап, екінші орында қалды.
Абай Аймағамбет