Қазақстанға инвестиция құйған үздік 10 елдің тізімі жарияланды
Қазақстан экономикасына инвестиция құйған үздік 10 елдің тізімі жарияланды.
Ranking.kz сайтының мәліметінше, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторлар 12,3 миллиард доллар қаржы құйған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға көп. 2017 жылдың дәл осы уақытында ел экономикасына 10,6 миллиард доллар инвестиция тартылған.
Қазақстан экономикасына инвестиция құю жағынан көш бастап тұрған елдердің тізімін 3,8 миллиард доллармен Голландия бастап тұр. Екінші орында АҚШ. Бірінші жарты жылдықта америкалық компаниялар Қазақстанға 2,8 миллиард доллар қаржы салған. Үздік үштікті ел экономикасына 1,3 миллиард доллар құйған Швейцария түйіндеп тұр.