Семейде мас полицей жедел жәрдем дәрігерлерін соққыға жыққан — новости Казахстана
Семей қаласында желілік полиция бөлімінің басшысы медициналық орталықта төбелес шығарған. Ер адам өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханаға келген кезде ол дәрігерлерді ұра бастаған. Бұл туралы «Первый канал Евразия» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Аурухана қызметкерлері тәртіп сақшысын видеоға түсіріп алған. Полицейді олар ауруханаға кафеден алып келген. Ішімдікке тойып алған ер адам денсаулығына шағымданған.
Мұндай қылығы үшін полицейді қызметінен алып тастаған. ІІМ-нің өкілдері қазір ер адамға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар