Астаналық бүлдіршіндер балабақшаға тегін баратын болды
Астана, BAQ.KZ. Бірінші желтоқсаннан бастап Астанадағы көпбалалы аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар балабақшаға тегін баратын болады.
Мұндай бастаманы Алматы ауданы әкімдігі алғаш болып бастап отыр. Қала әкімдігі ресми сайтының мәліметінше Алматы ауданы әкімдігі «20 Izgi Qadam» қайырымдылық акциясы шеңберінде 20 балаға жекеменшік балабақшаға тегін баруға мүмкіндік беретін сертификаттар табыс етілген.
«Осы іске бей-жай қарамаған басшылықты, жекеменшік балабақшаның құрылтайшыларына алғысымды білдіргім келеді. Балаларымыз мемлекетіміздің лайықты азаматы болып өсіп, мейірімді, бойына тек ең жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі деп үміттенемін», — деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашапов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ