Латвия КСР Кеңес Одағында «ақша доноры» болды
Латвия КСР Кеңес Одағында «ақша доноры» болды, деді әділет министрі Янис Борданс. Саясаткер Прибалтика республикалары КСРО құрамында болған кезде, олар өздерінің бюджеттерінің 30 — дан 48 пайызға дейінгі бөлігін Кеңес мемлекетінің жалпы бюджетіне қосқанын атап өтті.
Сонымен бірге, Борданс Латвия КСР — нің дәл 48 пайызын бергенін нақтылады. «Өткеннің қаншалықты қиын болғанына қарамастан, бұл біздің күшіміздің дәлелі. Біз КСРО — да ақша доноры болдық», — деді министр.
Эстония, Латвия және Литва 1939 жылы Молотов — Риббентроп пактіне жасырын хаттама бойынша Кеңес Одағының ықпал ету сферасына кірді.
1940 жылы Прибалтика елдері КСРО құрамына кірді (Балтық жағалауында бұл оқиға «кеңестік оккупация» кезеңінің басталуы болып саналады), 1991 жылға дейін кеңестік одақтас республикалар болып қала берді.
2014 жылы Латвия Сеймі «КСРО мен фашистік Германияның Латвия Республикасына қарсы агрессиясын жария түрде теріске шығару, негіздеу және өрескел тривиализациялау» бойынша қылмыстық іс қозғады.
P. S. Егерде Прибалтика елдері «өздерінің бюджеттерінің 30 — дан 48 пайызға дейінгі бөлігін Кеңес мемлекетінің жалпы бюджетіне» қосып жүрсе, онда біздің еліміз КСРО заманда одан да асып кететін қомақты қаржысын кеңестік бюджетке қосқанына және осы үш Прибалтика елдерінен гөрі «мықты донор» болғанына еш күмәніміз болмау керек екен!
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты