«Ата-анаңа айтамыз» деп қорқытқан: Алматыда 21 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген — Қазақстан жаңалықтары
Алматы қаласында үш әйел 21 жастағы қызды еркінен тыс жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz порталының мәліметінше, күдіктілер интим-индустрияда жұмыс істейді екен. Олардың құрбанына айналған бойжеткеннің 1999 жылы туғаны белгілі болды.
“Бізге бойжеткеннің өзі көмек сұрап хабарласты. Ол жалдамалы пәтерден қашып шыққан. Оны еркінен тыс күштеп ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер тез анықталды. Олардың қайсысы басты рөлді атқарғанын да білдік. Ол 1992 жылғы болып шықты. Оның “көмекшілері” де өзімен қатарлас. Екеуі пәтерде жәбірленушіні күзеткен. Олар қамаудағы қызды қорқытып, ата-анаңа не істеп жатқаныңды айтамыз деген. Қазір үш әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс ПД Тергеу басқармасында тергеліп жатыр”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
stan.kz