42 500 теңгені қайтару үшін не істеу керек
Жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының есепшоттарына жіберуге болатыны айтылды
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев қажеттілік болмаған жағдайда мемлекетке 42 500 теңгені қалай қайтаруға болатынын айтты.
«Маған ақшаны мемлекетке қайтарғысы келетін адамдар жазады. Мұндай мүмкіндік бар. Төтенше жағдай кезінде мұны банктердің мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады. Кейбір банктер ақшаны заңгерлік есепшоттарға жіберуге рұқсат береді», — деді вице-министр.
42 500 теңгені қайтаруға арналған реквизиттер
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Бенефициардың банктік сәйкестендіру коды: GCVPKZ2A
Бенефициардың жеке сәйкестендіру нөмірі: KZ67009SS00368609110
Бенефициардың бизнес сәйкестендіру нөмірі: 160440007161
Бенефициадың коды: 11
Төлем мақсатының коды: 049
Қазіргі уақытта жәрдемақыны 2 461 653 адам алды. Барлығы 5 миллион өтініш түскен. Министрлік есебіне сәйкес, жәрдемақыны 3,5 миллион адам ала алады.
sputniknews.kz