Шығыс Қазақстанда атыс алаңынан қашып кеткен сарбаз ұсталды
Қысқа сілтеме алу
Сарбаз атыс орнын өз еркімен тастап кеткен, қатардағы жауынгер бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қашып кеткен қатардағы жауынгер екі күннен кейін Шығыс Қазақстан облысының Знаменск елді мекенінде ұсталды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
«Жексенбіде, 5 сәуір күні сағат 17.10 шамасында 5511 әскери бөлімінің жеке құрамы іздеу шаралары барысында қатардағы жауынгер Ж-ны Семейден 60 шақырым жерде орналасқан Знаменск ауылынан тауып, ұстады. Оқиғаның себебі анықталуда. Бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», — делінгенген ресми хабарламада.
ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде бөлімді немесе қызмет орнын заңсыз тастап кеткені үшін Қылмыстық кодекстің 441-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Оқи отырыңыз: Қару-жарақ ұрланған әскери бөлімде не болып жатыр
Қатардағы жауынгер бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 сәуірінде 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Ж. әскери атыс полигонында қызмет ете жүріп, орналасқан жерін өз еркімен тастап, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
sputniknews.kz