Таразда «каннибал пайда болды» деп елді дүрліктіргендер іздестіріліп жатыр — новости Казахстана
Таразда «каннибал пайда болды» деп елдің үрейін ұшырғандарға іздеу салынды. Ос ыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде қорқынышты видео тараған еді. Хабарламада қанды оқиға Таразда болды деп айтылған деп хабарлайды КТК арнасы.
Желіде таралған бұл ақпар жергілікті тұрғындарды әбден мазасын қашырған. Үрейленген жұрт оның анық-қанығын білгісі келген полиция департаментіне толассыз қоңыраулар шалған.
Сөйтіп полицейлер жағдайға қатысты дереу түсініктеме беріп, мәліметті терсіке шығарды.
Ал сұмдық жағдай үш жыл бұрын Түркістан облысында тіркелген. Видеода көрсетілген 6 жасар қызды бойында ауытқуы бар туған әпкесі өлтірген болып шықты.
Осы орайда құзырлы орган жалған ақпаратты таратқан тұлға анықталған жағдайда оған қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша үш жылға дейін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын ескертеді.
Дереккөз КТК арнасы
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар