«Мектеп асханалары» әлеуметтік жобасы. Асханаларда тазалық нашар
Астана, BAQ.KZ. Өскелең ұрпаққа қамқорлық – «Нұр Отан» партиясының алға қоятын негізгі мәселелерінің бірі. Осыған байланысты партиялықтар оқушылардың тамақтану сапасын жақсартуға бағытталған «Мектеп асханалары» маңызды әлеуметтік жобасы аясында жұмыс істеп жатыр.
Жоба аясында бірнеше айдан бері астанамызда ата-аналардың, Білім басқармасы өкілдерінің, партияның Астана қалалық филиалы мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүзеге асырылды. Нәтижесінде санитарлық ережелердің көптеп бұзылуы, тыйым салынған өнімдерді өткізу, порцияның кем өлшенуі, айтылған мәзірге сәйкессіздік, тағамда таңбалаудың болмауы, тауарлық көршілестікті сақтамау анықталды.
Сонымен, №57 мектеп асханасының жұмысшылары тағамды ашық күйінде қоймаға тығып, кілтіміз жоқ дегенді желеу қылып, оны ішінен жауып қойған. Есікті жанжалдасудың аз-ақ алдында қалып ашуға тура келді.
Өзге оқу мекемелерінде де тыйым салынған өнімдер мен дәмдеуіштерді духовка шкафында тығуға тырысқан жайттар айқындалды. Ал №5 мектептің қоймасында азық-түлікпен бірге автокөлік шиналары сақталған. Тамақтардың сапасы да көңіл көншітерлік емес.
Мысалы, №34 және №74 мектептерде сүйегі шығып тұрған балықтарды тағамға ұсынады, бұл тіпті, балалар туралы айтпағанда, ересектер үшін де қауіпті. Тамақтануды ұйымдастырудың бұзылуы тағы қайталанып отырған №57 мектепте асхана құрылтайшыларының бірі комиссия мүшелерін оқу мекемесіне кім кіргізгендігін сұрап, ұзақ уақыт ашуланды.
Десек те, ведомствоаралық сараптамалық топ ҚР БҒМ Тамақтану ұйымы туралы №717 Ережелеріне сәйкес Астана қаласы Білім басқармасы басшысының бұйрығымен құрылған. Мониторинг жүргізердің алдында бұл бұйрықпен мектеп әкімшілігі, асхана қызметкерлері танысқан.
Оның үстіне, сарапшыларға дайын тамақты өлшеуге рұқсат бермеді. Күрделі олқылықтарға қарамастан, мектеп әкімшілігі мен Білім басқармасы сәйкес шаралар қолданбаған. Осы жылдар ішінде ықылассыз жеткізушілер тізімінде 2017 жылы енгізілген бір жеткізуші анықталды.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық Білім басқармасын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігін мектептердегі тамақтану сапасын жақсарту бойынша жұмыстардың белсенділігін арттыруға және аталған деректерді бақылауға алуға шақырады. Шарттық міндеттемелерді бұзатын және оқушылардың денсаулығын қатерге тігетін жеткізушілерге қатысты тиісінше шаралар қабылдау қажет.
Фото: Нұр Отан партиясының баспасөзінен
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ