Қытай азаматтарының Қазақстандағы заңсыз әрекеті әшкере болды
Қытайдың екі азаматы заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Прокуратура оларға қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады
ҚЫЗЫЛОРДА, 18 қараша — Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы Қытайдың 120 азаматы өңірден шығарылғанын хабарлады.
«Қытайдың 120 азаматының жалған диплом бойынша қызмет атқарғаны анықталды. Прокурорлық тексеріс нәтижесінде олар елден шығарылды», — деп хабарлады қадағалаушы орган.
Сондай-ақ, прокуратура заңсыз көші-қон ұйымдастырған Қытайдың екі азаматы туралы айтты.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаменті жедел іздестіру шарасын өткізді. Оның қорытындысы бойынша заңсыз көші-қон ұйымдастырған Қытайдың екі азаматы ұсталды», — деп жазылған хабарламада.
Тағы оқыңыз: «Кімді жаулап жатыр?»: Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді
Сот үкіміне сәйкес, олар бас бостандығынан айырылды.
sputniknews.kz