Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жаз көңіл)

0

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жаз көңіл) казакша Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жаз көңіл) на казахском языке

Жаз көңіл жарқылдаған бұл бір шағым,
Жаныма дарытпаймын дүние шаңын.
Әніммен қарсы аламын әрбір күнді,
Жайғандай ерке нәзік жар құшағын.
Жаз көңіл жігіт болдық той бастаған,
Құрбыға зейіні бар ой тастаған.
Жас өмір жайлауында шіркін көңіл
Бәйгіден күнде келіп ойқастаған.
Желпимін жанымды бір осындайда,
Үңілер жүрегіме досым қайда?
Кездесіп көңілімнің күнгейінде,
Әніме асыл құрбым қосылмай ма?!