Қазақстанда көктайғақ пен қардың салдарынан бірнеше жол жабық тұр  

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты жүк және жолаушылар көлігі үшін бірнеше жол жабылды  

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Көктайғақ пен жабысқақ қардың салдарынан жабылған жолдар әлі ашылған жоқ.     

«Қазақавтожол» кәсіпорнының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында жабысқақ қардың салдарынан 19 қазаннан бастап жолдарда жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс шектелген:

  • «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» (15-105 километр, Белоусовка ауылы – Риддер қаласы)
  • «Өскемен – Алтай – Қатонқарағай – Рахманов қайнары» (6-66 километр, Ушановское ауылы – Серебрянск қаласы).

Жексенбі күні сағат 19:45-те көктайғақ салдарынан «Алматы – Өскемен» жолында (778-967 километр, Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы) жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда жолдар жабылды

Жексенбі күні сағат 20:40-тан бастап «Алматы – Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі учаскесінде (971-1068 километр) қозғалыс шектелді.   

«Облшығысжол» мәліметінше, жексенбі күні сағат 8.00-де облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын – Самарское» жолы (62-145 километр, Тарғын ауылы – Самарское ауылы) тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін жабылды.



sputniknews.kz