Банк картасын алаяқтардан қалай қорғауға болады — Қазақстан жаңалықтары
Қылмыскерлердің қиялында шек жоқ. Жыл сайын бұрынғысынан да бетер жаман әрекеттер ойластырып, алаяқтықтың жаңа түрін жүзеге асыруда. Осылардың ең көп кездесетінін қарастырып, ақшаңызды сақтандыру жолын ұсынамыз.
Картамен байланысты алаяқтық жасау түрлері
Банк карталарымен жасалатын алаяқтық түрлері «кардинг» деп аталады. «Классикадан» бастайық. Сіз банкоматқа ақша шешіп алу үшін келіп тұрсыз делік. PIN-кодты телефонмен сөйлесіп тұрып терген болуыңыз мүмкін. Тіпті, жаныңызда әр қимылыңызды бақылап тұрған жас жігітті байқамадыңыз. Есесіне ол сізге мұқият қарап, пернетақтада терген әрбір санды есте сақтады. Әрі қарай ол қарапайым «гоп-стоп» жасаса, ақшаларыңызбен әп-сәтте қоштаса берсеңіз болады.
Сондай-ақ, қарбалас сәттерде алдыңызда қандай банкомат тұрғанына мән бермеуіңіз мүмкін. Бәлкім ол жалған банкомат шығар. Себебі, банкоматқа ұқсайтын аппараттар бар. Жапсырмасы мен экранға шыққан жазуы түпнұсқадан айнымайды. Картаңызды енгізіп, PIN-кодты тересіз, сол сәтте экранға «Банкомат жұмыс істемейді», «Жүйеден қате табылды» немесе «Қаражат жеткіліксіз» деген жазушылар шығады. Иә, мұндай да болады. Артынша сіз басқа банкомат іздеуге барасыз. Ал алаяқтар фаном банкоматтың көмегімен өзіне қажетті ақпаратты алып үлгерді.
Көп жағдайда банкоматтың істен шығуы – қарапайым имитация. Мысалы, түнге қарай үйге келе жатып жол-жөнекей қолма-қол ақша алғыңыз келді. Картаны енгізіп, PIN-код, сома барлығын жаздыңыз – операция сәтті жүзеге асып жатыр. Картаңызды қайтарып берді. Бірақ неге екені белгісіз банкомат ақшаңызды бермеді. Істен шыққан ба? Бәлкім! Айнала қараңғы, ал сіз банкке хабарласып, мән-жайды анықтамақсыз. Телефонмен сөйлесіп тұрып банкоматтан кемінде 10 метр жерге ұзап кетуіңіз мүмкін. Ал ұрлықшылар банкоматтың ақша шығатын жеріндегі скотчты алып тастап, сіздің ақшаңызды алады. Иә, ақша бар болғаны алдын ала жабыстырылған жапсырма лентаға байланысты шықпай тұр.
Алаяқтықтың тағы бір түрі «ливан ілгегі» деп аталады: карта қабылдайтын жерге фотопленкадан жасалған лассо қойылады. Картаңыз оған түсіп қалса, одан шығара алмаймыз. Әдетте мұндайда жаныңыздан «көмекші» табыла кетеді. Ол сізге «Кеше менің де картамды осылай жұтып қойды. Мен осындай комбинацияны теріп, кейін PIN-код басып едім бәрі дұрысталды» деп айтады.
Бірақ, өкінішке орай, алаяқтың бұл «кеңесі» көмектеспей, сіз банкке жүгінуге мәжбүр боласыз. Бұл кезде «мейірімді көмекшіңіз» картаңызды алып, оны босатуға кетеді. Себебі, ол PIN-кодты біледі. Сіз оны көзінше жаздыңыз. Есіңізде ме?
Расымен де, банкомат шынайы және жұмыс істейтін болып көрінуі мүмкін. Алаяқта скиммер болса, ол қулығын оңай жүзеге асырады. Скиммер дегеніміз – картаның магнитті жолағындағы ақпаратты оқуға арналған құрылғы. Ол бір қарағанда банкоматтың бір бөлігі болып көрінеді. Алаяқтар скиммерленген картаны пайдаланады, бірақ ақша негізгі шоттан алынады.
Ал олар мұндайда PIN-кодты қалай біледі? Скиммердің қосымша девайстары бар. Мысалы, жапсырмалы пернетақта. Бұл нәрсе түпнұсқаға имитация жасап, банк клиенті басқан кодты есте сақтап қалады. Тағы бір нұсқа — пернетақтаға бағытталған кішкене камера жасырылған жарнама буклеттері.
Скиммингтің екінші бір түрі — шимминг. Банктің карта қабылдайтын жеріне кішкене плата орнатылады. Әрі қарай дәл скиммингтегідей жүзеге асады. Бірақ клиенттер үшін аса қауіпті: себебі банкоматқа орнатылған бұл нәрсені жай көзбен көру мүмкін емес. Қуантарлығы – мұндай шимді жасау оңай емес, оның қалыңдығы 0,1 мм-ден аспауы керек. Нанотехнология деп атай берсе болады.
Фишинг – интернет-алаяқтықтың кеңінен таралған түрі. Мұның не екенін түсіндіріп жату аса қажет емес. Бәлкім араларыңызда біреу «банктен» сілтеме арқылы өтіп, реквизиттерді жазуды сұраған жалған хат алып көрген шығар? Фишинг парақшаның түсі, шрифтісі, логотипі дәл түпнұсқамен бірдей. Тек мекенжай жолағындағы өзгешілік бар.
Соңғы уақытта фишингтің тағы бір түрі – вишинг кеңінен тарап жатыр. Қарапайым тілмен айтсақ, телефон арқылы алдау. Робот дауыспен сізге картаңыздың бұғатталғанын, хакерлер шабуыл жасағанын немесе шұғыл түрде несиеңізді жабу керегін айтып алаяқтар хабарласады. Кейін «Осы мәселені нақтылау үшін мына нөмірге хабарласыңыз» деп бағыттайды.
Сіз өз кезегіңізде берген нөмірге хабарласып, «оператор» сұраған ақпараттың бәрін айтып бересіз. Соңғы санды хабарлағаннан кейін қаражатыңызбен қош айтыса берсеңіз болады. Сіз өзіңізге келемін дегенше, олар қандай да бір интернет-дүкенде ақшаңызды құртып үлгереді. Алаяқтар әлеуметтік инженерия тәсілін қарқынды түрде қолданып келеді. Яғни олар үшін картаңызды қолға түсіру маңызды емес.
Қазіргі таңда карта мен телефон нөмірі бір-бірімен байланыстырылады. Мысалы, интернет-банкке кіруге үшін операцияларды смс-кодпен растау керек делік. Алаяқтар бұл мақсатын жүзеге асыру үшін ерінбей телефоныңызды ұрлап немесе SIM-картаңыздың дубликатын жасатады.
Карта қолдану кезінде қауіпсіздік ережелері
Дебюттік немесе несие карта рәсімдеу кезінде келісімшарт пен PIN-кодпен конверт аласыз. Өкінішке орай, көптеген банк осы келісімшартпен бірге картаны қалай сақтандыруға болатыны туралы қосымша ақпарат ұсынбайтыны өкінішті.
- Өзіңізге чип пен магнитті жолағы бар гибридті карта жасатыңыз. Мұндай карта скимминг жолымен ақша ұрлаудан сақтандырады;
- PIN-кодты жақсылап жаттап алыңыз. Егер есте сақтау қабілетіңіз нашар болса, оны қағаз бетіне түсіріңіз және картадан алыс жерде сақтаңыз;
- Қандай жағдай болса да, ешуақытта үшінші адамға PIN және CVV2-кодты айтпаңыз. Картадағы есіміңізді де, жарымдылық мерзіміңізді де. Әдетте ешбір банк сізден раквизиттер сұрамайды. Ал сіздің шотыңызға ақша аудару үшін 16 таңбалы санды енгізу жеткілікті. Ол картаның бетінде жазылған;
- Жалақыңыз аударылатын картаны дүкенде немесе интернет-дүкенде есептесу үшін пайдаланбаңыз. Карта шотындағы ақшаны аударуға тәуліктік лимит орнатып қойған абзал;
- Банк кеңселерінің ішіндегі немесе күзетшісі мен бейнебақылауы бар жерлердегі банкоматтарды таңдаңыз;
- Күдік тудыратын банкоматтарды қолданбаңыз. Терминалға карта енгізбес бұрын оны жақсылап қарап шығыңыз. Карта қабылдайтын жер мен пернетақтада күдікті ешнәрсе жоқ па? Жақын маңда жарнама ілініп тұрған жоқ па?
- Пернетақтаны қолмен жабуға немесе жаныңызда операцияны мұқият бақылап тұрған адамға «Әрі тұрыңыз» деп айтуға ұялмаңыз. Қиындық туындағанда «кездейсоқ жанашырлардың» көмегіне жүгінбеңіз. Бірден банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз;
- Егер картаңызды жоғалтсаңыз немесе үшінші бір адам оның реквизиттерін біліп қойды деп ойласаңыз, бірден банкке хабарласып, бұғаттап қойыңыз. Картаңыз қолыңызда тұрса, оның артқы бөлігінде қажетті телефон нөмірі бар. Ережеге сәйкес, банкпен байланыс орталықтары тәулік бойы жұмыс істейді. Карта шықпай қалса, банктің нөмірі банкоматтың бетінде жазылып тұрады;
- Бұдан өзге банктен картаны сақтандыру шарттары туралы біліңіз. Кейбір банктерде клиенттерді алаяқтардан қорғап, оларға олқылықтың орнын толтырып беретін арнайы ұсыныстары болады.
Банкингті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелері
Үйде отырып үлкен қызмет пакетін пайдалануға болады. Мысалы, алған затыңызға ақша төлеу, өзге біреудің шотына ақша аудару сияқты.
Банкинг — банктің қашықтықтан қызмет көрсетуі. Банкингті ақшаңызды жоғалтып алмайтындай пайдаланғыңыз келсе, келесі базалық кеңестерді ескеріңіз:
- Бөтен біреудің, қоғамдық орында қорғалмаған компьютерлерден интернет-банкке кірмеңіз. Осылай жасап қойған болсаңыз, міндетті түрде «Шығу» дегенді басып, кэшті тазалап кетіңіз;
- Дербес компьютеріңізге антивирус орнатып, оны уақытылы тазалап отырыңыз. Заманауи браузерлер мен пошталық бағдарламаларды пайдаланыңыз;
- Тексерілмеген дереккөздерден файл жүктемеңіз, қауіпсіз сілтемелерге кірмеңіз. Күдікті хаттарды ашпай, бірден бұғаттап тастаңыз;
- Аса қажет болмаса, өзіңізге қатысты жеке мәліметтерді еш жерге енгізбеңіз: логин мен құпиясөзден бөлек;
- Міндетті түрде мекенжай жолағын жақсылап тексеріңіз: қорғалған HTTPS болуы тиіс. Ал домен банктікімен сай келмей жатса, сіз фишинг сайтта отырған болуыңыз мүмкін;
- Жеке кабинетіңізге кіру үшін бір реттік құпиясөзді қолданыңыз.
Есте сақтағаныңыз артық болмайды. Банктер картаның бұғатталуына қатысты смс-хат жібермейді, сондай-ақ, телефон қоңырауы кезінде жасырын мәлімет, құпия код сияқты ақпараттарды сұрамайды.
Картаңызбен байланыстырылған SIM-картаны сақтандырғыңыз келсе, күдікті хат алған кезде бірден банкке хабарласыңыз. Сондай-ақ, алаяқтар берген нөмірге ешуақытта қоңырау шалмаңыз. Бұдан өзге SIM-карта ауыстырсаңыз немесе жоғалтсаңыз, міндетті түрде банкке хабарлаңыз.
Алаяқтар картадан ақша алып қойған болса не істеуге болады?
Кей жағдайда клиенттер мен банктер арасында түсінбеушіліктер болып тұрады. Біріншілері шотынан санкцияланбаған ақшалардың кеткенін айтса, екіншілері «Бар мәліметті алаяқтарға өзіңіз айтып бердіңіз» дейді. Рұқсат етілмеген қаражатты қалыпқа келтіру үшін міндетті түрде картаны өзіңіздің келісімінсіз біреудің қолдануы мүмкін екенін банкке хабарлау шарт.
Бұл үшін бір тәуліктен кешікпеуге тырысыңыз. Аталған «дедлайнды» міндетті түрде ескеріңіз. Бір күннен кешікпеуге тырысыңыз. Бұл дедлайнды міндетті түрде ескеріңіз. Мерзім өтіп кеткен болса, ақша қайтарылады деп күтпесеңіз болады. Сондай-ақ, банкке хабар бергеніңіз туралы қолыңызда дәлел болуы керек.
Бұл жерде уәкілетті қызметкер қабылдаған банкке жазылған өтініш туралы сөз болып тұр. Заң бұзылып, банктегі өтініш күшін жойса немесе қандай да бір себеппен алмастырылса, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Қорытынды
Картаңыздан біреу заңсыз ақша шешіп алса, келесі алгоритмді жүзеге асырыңыз:
- Көп қобалжымастан, банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз. Сондай-ақ, оператордан соңғы транзакциядан кейін қанша сома қалғанын сұрауды ұмытпаңыз;
- Бір тәулік ішінде банкке барып, өтініш жазыңыз. Мұнымен қатар, қолыңыздағы өтініштің нұсқасы да заңды екеніне көз жеткізуді ұмытпаңыз;
- Егер де банк бұған қандай да бір кедергі келтірсе, прокуратураға жүгінуіңізге болады;
- Полицияға арыз жазыңыз. Әсіресе, біреу картаны қолыңыздан жұлып алса немесе ұрлап кеткен болса;
- Ақшаңыздың қайтарылғанын күтіңіз.
Қауіпсіздік шараларын ескере отырып қауіпсіздігі бойынша барлық халықаралық стандартқа сәйкес келетін банк карталарын таңдаңыз. ВТБ (Қазақстан) Банкінің халықаралық несие картасы – бұл кез келген қызмет пен сауда үшін төлеуге ыңғайлы және заманауи тәсіл.
Сіз қайда жүрсеңіз де, қажет сома қоластыңызда болады. Несие картасының лимиті 2 000 000 теңгеге дейін, ал жеңілдік мерзімі 90 күнге дейін барады. Осыған қатысты толығырақ ақпаратты банк сайтынын таба аласыз. Сондай-ақ, кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне хабарласуыңызға болады.
stan.kz