Ең үздік теңіз шипажайлары

0

Ең үздік теңіз шипажайлары

Назарларыңызға ғаламшарымыздағы ең үздік теңіз шипажайларының тізімін ұсынамыз:

1. Грекия, Имеровигли ауылы

Грекиядағы Санторини аралында орналасқан осы бір шағын ауыл бұрынғы кезде шолғыншы ауыл ретінде қолданылатын болған екен. Керек десеңіз ешбір кеме бұл жерден байқаусыз өте алмаған. Себебі, ауыл шыңның басында тұр. Ал қазір осы жердегі шипажайға барып, теңіз өмірін биіктен қарай аласыз.

2. Португалия, Лагуш қалашығы

Португалияда Лагуш деп аталатын қалашық бар. Сүйкімді жағажайы, көрнекті орындары мен алаңсыз демалыс сыйлайтын қасиеті арқылы Лагуш әлемге атағын жайған. Осы жерде болған туристер Лагуш шипажайында бірде-бір мін жоқтығын айтады екен. Ендеше, теңіз құшағына қарай асығыңыз.

3. Италия, Капри шипажайы

Капри теңіз шипажайы лауазымын б.з. І ғасырында-ақ алып үлгерген. Дәл осы кезде римдік император Тиберий аралға жазғы вилла соқтырған екен. Айтпақшы, осы виллада Максим Горький екі жылдық өмірін өткізген. Теңіз жағасындағы шипажайдың емдік қасиеттері мол.

4. Испания, Марбелья

Алыс түкпірдегі ауылдың әлем танитын теңіздік шипажайға айналуына небәрі он жыл ғана уақыт кеткен. Бұл жерге әлемдегі ең танымал тұлғалар, испандық патшалық отбасы және араб шейхтары келіп демалады. Теңіз ауасы ешбір жерде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді.

5. Хорватия, Опатия

Бұл аймақтың, әсіресе, Адриатика жағалауының климаты өткен ғасырда-ақ, «адам ағзасының дәрігері» деген атаққа ие болып қойған. Көпшіліктің айтуынша, теңіз ауасының емдей алмайтын сырқаты кемде-кем екен. Бұл жерде Антон Чехов, Айседора Дункан, Густав Малер және Владимир Набоков сынды танымал тұлғалар ем қабылдаған.