Даниал Ахметовтің қарындасын ұрлап кетпек болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Белігісіз біреу әйел адамға күш көрсетіп, көлікке отырғызып алып кетпек болған. Абырой болғанда, күдікті арам ойын іске асыра алмады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гульфаз Аубанованы ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бейтаныс адам қарт әйелді күшпен көлікке отырғызбақ болған. Алайда әкімнің қарындасы күдіктінің қолынан сытылып, қашып кетіпті.

Бұл оқиға 18 қыркүйек күні таңертең Павлодар қаласындағы Исиналиев көшесінде болған.

«Полицияға 61 жастағы А. деген әйел хабарласты. Ол бейтаныс адамның күш көрсеткенін айтып шағымданды. Осы жайтқа қатысты қылмыстық кодекстің 125-бабы (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеке құрамы жұмылдырылған», — деп мәлімет берді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің қарындасы Гульфаз Аубанова Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған, сондай-ақ ол — «Данэль» медициналық мекемесінің құрылтайшысы.



sputniknews.kz