Парижде Майкл Джексонды еске түсіру көрмесі ашылды

0
Парижде Майкл Джексонды еске түсіру көрмесі ашылды


Парижде Майкла Джексонды еске түсіру көрмесі ашылды.

Көрмеде қазіргі заманның белгілі суретшілері салған «поп музыка королінің» портреттері қойылады.

Экспозиция «Қабырғада» деп аталады. On The Wall – бұл Майклдың 1979 жылы жазылған Off The Wall жеке альбомына сілтеме.

Жазда бұл жұмыстар Лондонда Ұлттық портреттік галереяда қойылған болатын. Галерея директоры және көрменің авторы Николас Куллинанның айтуынша, көптеген адамға Майкл Джексон – әнші мен музыканттан да көп дүниені білдіретін тұлға.

Парижде бұрын ұсынылған суреттермен қоса, тың дүниелер де бар.

Николас Куллинан Лондонда Майкл Джексонның аты үлкен аудиторияның назарын аударды дейді. Тіпті галереяға бас сұқпайтын 24 жасқа дейінгі жасөспірімдер де қызығушылық танытқан. Енді Парижде де сондай ықылас танытады деп сеніп отыр.

Ең жарқын экспонаттың бірі — «Король Филипа II аттағы портреті» деп аталады. Авторы америкалық  Кьянде Уайли.

Джексон бұл суретке 2009 жылы тапсырыс беріпті.

Өкініштісі, сурет тек Майкл дүниеден кеткен соң ғана дайын болған. Өткен тамызда Майклу Джексон 60 жасқа толушы еді.