Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты шағымды қарау тағы да кейінге қалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бұған дейін Жәкішевті шарты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті сот қанағаттандырмаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне түсірілген шағым 27 тамызда қаралмайды, деп хабарлады адвокат Нұрлан Бейсекеев.

«2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 16.00-де қаралатын болды. Маған SMS арқылы хабарлады, неге кейінге қалдырғанын айтқан жоқ», — деді Бейсекеев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Еске сала кетсек, Жәкішевтің шарты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін сот 24 шілдеде қарап, бірақ қанағаттандырмаған еді. Ал осы сот шешіміне түсіріген шағым Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық сотында 22 тамызда қаралуы тиіс болатын, кейін 27 тамызға шегерілді.

Мұхтар Жәкішевтің ісі

Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамыр айында тұтқындалған. Келесі жылы оны 14 жылға бас бостандығынын айыру туралы шешім шығарылды. Өткен жылы түрмедегі мерзімнің жартысынан көбі өтті. Осыған байланысты Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш білдірді. Алайда Семей қаласының соты аталған өтінішті қолдаған жоқ.

Тағы оқыңыз: Терезе сүртіп, еден жуады: «сыра королінің» түрмедегі өмірі қандай — видео

Былтыр шілде айында Жәкішевті Семейдегі ОВ-156/14 колониясына ауыстырды. Бұған дейін ол Алматы облысындағы Заречный ауылында және Қарағанды облысындағы Долинка елді мекеніндегі түрмеде отырды.

Адвокат Нұрлан Бейсекеевтің айутынша, түрмеде отырған Жәкішевтің денсаулығы нашарлап кетті. Ол бірнеше ауруға душар болған. Бірақ әлі күнге дейін толыққанды медициналық тексерістен өтпепті. Бүгінде ол біраз дәрі ішіп, емделуге мәжбүр. III топтағы мүгедек туралы анықтамасы бар.



sputniknews.kz