Азамат Майтиев қызметінен босатылды
Қысқа сілтеме алу
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитетінде кадрлық ауыс-түйіс болды
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Монополияға қарсы ведомство төрағасы Азамат Майтиев қызметінен босатылды.
«Майтиев ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», — деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Азамат Майтиевтің жасы 39-да, 2001 жылы М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында монополистердің тұтынушылар есебінен миллиардтаған қаражатқа заңсыз байығанын айтқан болатын. Кейінірек Қазақстанның үкімет басшысы ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады.
sputniknews.kz