Алматылық көлік жүргізушінің құлағын тістеп алды
Қысқа сілтеме алу
Екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, ерегесіп қалған
АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Алматыда болған төбелесте басбұзар ер адамды соққыға жығып, құлағының бір шетін тістеп алды.
Instagram-дағы Kris_p_brothers паблигінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес Абай мен Саин көшелерінің қиылысында болған. Екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, ерегесіп қалды. Біреуі көлігін көлденең қойды да, машинадан шығып, екінші жүргізушіні соққыға жыққан. 21 жастағы басбұзар онымен қоймай, таяқ жеген көлік жүргізушісінің құлағын тістеп алыпты.
скрин страницы в паблике kris_p_brothers_official
Алматылық көлік жүргізушінің құлағын тістеп алды
Қаланың ішкі істер департаменті оқиғаның болғанын растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Әуезов аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын және куәгерлерді анықтап жатыр. Зардап шеккен азаматтың жарақаты қаншалықты ауыр болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды», — дейді полицейлер.
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 000 айлық есептік көрсеткіш (12 миллион 625 мың теңге — Sputnik Қазақстан) көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бес жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе түрмеге қамалуы мүмкін.
sputniknews.kz