Қазақстан президенті жанынан мемлекеттік мекеме құрылды
Қысқа сілтеме алу
Тоқаевтың жарлығы бойынша, Орталық коммуникациялар қызметі таратылатын болды
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстан Республикасының президенті жанынан «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
Мемлекет басшысының өкімімен «Орталық коммуникациялар қызметі» мекемесінің директоры қызметіне Талғат Бегімұлы Қалиев тағайындалды.
Жарлыққа сәйкес, Орталық коммуникациялар қызметіндегі штат саны – 33. Оған қатысты уәкілетті орган президент әкімшілігі болып айқындалды.
Тағы оқыңыз: Тоқаев жетекшілік ететін Ұлттық кеңестің құрамына кімдер кірді?
Жаңа мекеменің құрылуына орай Тоқаев үкіметке ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін таратуды тапсырды. Сонымен бірге бір ай ішінде жаңа мекеменің жарғысы әзірленуі тиіс.
Сондай-ақ президенттің іс басқармасы қаржы министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен жаңа мекемеге үй-жай бөледі.
Орталық коммуникациялар қызметінің құрылуына орай мемлекет басшысының кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізіледі.
sputniknews.kz