Реферат: Қазақ әдебиеті | Сүйінғара Үргенішбайұлы
Сүйінғара Үргенішбайұлы (1756 – 1841) – батыр, би. Кіші жүздің адай руының мұңал тармағынан шыққан. Ресей империясының, Хиуа хандарының, түрікмен билеушілерінің үстемдігіне қарсы күрескен. 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге орыс тұтқындарын қайтарып, өзі басшылық жасайтын маңғыстаулықтардың атынан Ресеймен достықта болатыны жайлы сенімхат жазған. Граф Сухтелен өзінің ризашылығын хат арқылы білдіріп, батырға қылыш сыйлаған. Сүйінғара 1837 жылы Жайықтың шығыс бетіне өткен Исатай-Махамбетке қол жинауға көмектескен. Сүйінғараның інісі Кежінің, балалары Бүркіталы, Сатыбалды, Көтібардың ерлігі, қыздары Айсалқам мен Жансалқамның қайғылы тағдыры туралы ел аузында аңыздар көп сақталған. Батыр туралы А.Ф Рязанов пен В.Ф. Шахматовтың ғылылыми еңбектерінде, Ә.Кекілбаев, Қ.Сыдиықов, Е.Жаманбаев, Қ.Шыртанов, Ә.Спановтың көпшілікке арналған мақалаларында сөз болады. Оған А.Өтембетұлы, Ы.Шөреков жыр арнаса, М.Әбдіқалықов «Сүйінғара” атты роман жазған. Сондай-ақ Ә.Әлімжанов «Махамбеттің жебесі” романында, Кекілбаев «Күй” повесінде Сүйінғараның бейнесін сомдаған. Денесі Маңғыстаудағы Сейсен ата қорымына жерленген.
Полную версию материала можете скачать через секунд !!!