Назарбаев Татарстанның экс-президентіне көңіл айтты
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сәкина Шәкірқызының жарқын бейнесі татарстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ