Дипломдық жұмыс. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін бюджет шығыстары арқылы қаржыландыру

0

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ШЫҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН АНАЛИТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

 

2.1 Мемлекеттік бюджеттің атқарылу жағдайына талдау

 

2010 жылғы бюджеттің атқарылуы Елбасы тапсырған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

Бюджет саясаты тек дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға ғана емес, сонымен қатар макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге де бағытталған.

Елбасының Үндеуінен туындайтын еліміздің азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін арттыру жөнінде шаралар кешені қабылданды.

 

 

Кесте 1 — 2010 жылғы мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуы

млрд.теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескетпе: www.minfin.kz

 

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану жөнінде жаңа тұжырымдама қабылданды, оған сәйкес Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдік берілген трансферт 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге  деңгейінде бекітілді. /21, 44б./

Салық саясаты саласында Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді, нақты ынталандыру шаралары көзделді. Арнайы экономикалық аумақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есебін беру міндетінен босату жолымен арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында салық рәсімдері жеңілдетілді, салық режимі жақсартылды. Көлікке салынатын салықты есептеу мақсаттары үшін көлік құралдарын жіктеу тәртібі нақтыланды.

Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан босату жөнінде түзетулер көзделді.

Егер бюджеттің негізгі атқарылу қорытындылары туралы айтар болсақ, олар мынадай.

Мемлекеттік бюджетке 4 388,8 млрд.теңге түсті, бұл 2009 жылға қарағанда 878,5 млрд.теңгеге көп. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 4 299,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер 2 934,1 млрд. теңгені құрады.

 

Кесте 2 — 2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің атқарылуы

млрд.теңге

Атауы Жоспар Факті Ауытқуы
(3-б. — 2-б.)
Атқарылуы, % 2009 жылғы факті Ауытқуы
(3-б. — 6-б.)
Салықтық түсімдер, жалпы 2 703,0 2 934,1 231,1 108,5 2 228,7 705,4
оның ішінде:            
КТС 847,9 837,2 -10,7 98,7 643,7 193,5
ЖТС 301,3 312,3 11,0 103,7 264,0 48,3
Әлеуметтік салық 243,0 253,8 10,8 104,4 232,8 21,0
ҚҚС – жалпы 590,4 677,2 86,8 114,7 515,9 161,3
оның ішінде ІӨТ-ға ҚҚС 179,0 241,4 62,4 134,9 111,3 130,1
 Импортқа салынатын ҚҚС 411,4 435,8 24,4 105,9 404,6 31,2
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер 190,6 231,3 40,7 121,3 201,2 30,1
Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салық 288,9 373,8 84,9 129,4 152,2 221,6

Ескетпе: www.minfin.kz

 

 

 

Негізгі салық түрлері бойынша жылдық жоспар артығымен орындалды, оған елдің оң даму қарқыны,  кеден одағына кіруге байланысты кедендік баждарды бөлу тетігін енгізу және алыс шет елден Ресей Федерациясына және Беларусь Республикасына импорттың өсімі, саланың ерекшелігіне байланысты іс жүзінде экспортталғанға қарағанда мұнай экспортының үлкен көлемі үшін уақытша декларациялар бойынша ақы төлеу нәтижесінде мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы түсімдерінің артуы, жоспарлыға  қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының төмендеуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті. /22, 33б./.

Скачать