Нұр-Сұлтандағы ауа райы: сәуірге арналған болжам

0

Алдағы аптада Нұр-Сұлтанда ауа райы көшпелі бұлтты болып, аздаған жауын-шашын жауады

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Бірнеше күннен соң Қазақстан астанасында күн жылына бастайды. Сынап бағанасы жексенбі күні 8 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады Gismeteo.

Бір күнде қысқа айналды: қалың қар астаналықтарды әуреге салды

21 сәуір күні түнде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендейді.

Дүйсенбі, 22 сәуір күні, күндіз сынап бағанасы +7 градусқа көтеріледі. Түнде минус 4 градус.  

Алдағы жарты жылда ауа райы қандай болады?

Сәйсенбі, 23 сәуірде 9 градус жылы болады. Ал сәрсенбі күні плюс 11. Түнде 1-4 градус суық болады.

Синоптиктердің айтуынша, жылы ауа райы астанада келесі демалыс күндеріне дейін сақталады. 11-15 градус жылы болып, аздаған жауын жауады.

Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ тоқтатылды

Дүйсенбі, 29 сәуір күні, ауа температурасы +12 градусқа жетеді. Ал 30 сәуір, сәйсенбі күні ауа райы тағы да суытып, минус 5 градус болады. 

Жұма, 19 сәуір күні астанада қар жауды. Тұрғындардың қысқы киімдерін қайта алып шығуларына тура келді.

Елордада бірнеше күннен бері ауа райы қолайсыз болып тұр. Өзге өңірлерде де күн суытты.



sputniknews.kz