Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайлық инвестор Өскеменде 12 млрд теңгеге бес жұлдызды қонақүй салады

Қытайлық инвестор Өскеменде 12 млрд теңгеге бес жұлдызды қонақүй салады

Қытайлық бизнес Шығыс Қазақстан облысында туризм саласына инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

ҚХР-дан келген инвестор Өскемен қаласында бес жұлдызды қонақүй салуды көздеп отыр. Тиісті келісім қала әкімдігімен жасалған. Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәлімдеді.

– Қала аумағында бес жұлдызды қонақүй салу жоспарланып отыр. Қытайлық инвестор шақырылды. Ол 150 нөмірлі, құны 12 миллиард теңге болатын қонақүй тұрғызуға ниетті. Қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірлесіп жер телімін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Ержан Сембинов.

Әзірге жобаны іске асыру мерзімі нақтыланбаған. Дегенмен бастама өңірдегі туризм инфрақұрылымын дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етуі мүмкін.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.