ІІМ Атырауда балықтардың жаппай қырылуының себебін атады — Қазақстан жаңалықтары

0

ІІМ Оралда балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша жүргізілген сараптаманың алғашқы нәтижесін алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atpress порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

ІІМ Атырауда балықтардың жаппай қырылуының себебін атады

Атырауда ведомствоаралық комиссия мүшелерінің кездесуінде есеп берген ІІМ өкілі Мұхтар Қожаев полицияның балықтардың жаппай қырылуы фактісі бойынша ҚР ҚК 204-бабы 2-тармағы (Абайсызда өзгенің мүлкін жою немесе зақым келтіру), 328-бабы 3-тармағына (Суларды қоқыстау, ластау немесе сарқу) сәйкес екі қылмыстық іс қозғағанын еске салды. 3 сәуірде сараптаманың алғашқы нәтижесі шыққан. 

«Онда Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына хлормен улану себеп болғаны көрсетілген», — дейді Қожаев.

Оның сөзінше, бүгінде хлордың қайдан түскенін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Зерттеудің екінші бөлігінің нәтижесі техникалық құжаттар тексерілгеннен кейін дайын болады. 

Сараптама нәтижесінің жариялануының ұзаққа созылуының тағы бір себебі – наурыз айында өзендегі мұз толықтай ерігенде тағы 10 тонна өлі балықтың жиналуы. Сол кезде жиналған балықтардың қырылуының себебін анықтау үшін, қосымша сараптама тағайындалған. Олардың қырылуына желтоқсан айындағы уланудың қатысы бар-жоғы анықталатын болады. 

Еске сала кетсек, Жайық өзенінде 111 тоннадан астам балық қырылып қалған еді. 

stan.kz