Астрономдар Қара құрдымның суретін жариялады

0

Event Horizon Telescope жобасының қатысушылары Қара құрдымның (Black hole) суретін жариялады. Ол жерден 54 млн жарық жылы қашықтығында орналасқан Messier 87 (M87) галактикасында орналасқан.

Астрономдар Қара құрдымның суретін АҚШ, Франция, Мексика, Чили және Испанияда орналасқан сегіз радиотелескоп желілері арқылы түсірген. Сегіз радиотелескоптан дерек алу үшін екі жылдай уақыт кеткен.

Қара құрдым — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын жібермей өзіне тартып алатын массасы өте ауыр дене.

Azattyq